ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдық мерейтойына арналған шарада уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Бұл – қазіргі шекарашылардың болашақ ұрпаққа арнаған аманаты. Капсулаға ел тыныштығы мен Отан тұтастығын қорғауға үндеген хаттар салынды. Рәсім ұрпақтар сабақтастығы мен шекарашы рухының мәңгілігін айқындады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























