ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдық мерейтойына арналған шарада Үшарал шекара жасағының бұрынғы командирі, ардагер шекарашы генерал-майор Құсайын Беркалиев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен естеліктерімен бөлісті.
Қиын кезеңдерде әскери бөлімді қалай басқарғанын әңгімеледі. Сондай-ақ ол қазіргі шекарашылардың жауапты қызметіне табыс тілеп, Отанға адалдық пен рух берік болсын деген ізгі лебізін білдірді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























