Ерлікке тағзым — ұрпаққа өнеге

107

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамы шекарашы ардагерлерімен бірге Үшарал қаласының орталық алаңында сап түзеп, соғыс және қызмет жолында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі елге деген адалдық пен патриоттық сезімнің айғағына айналды. Осы бір сәтте өткен күннің ерліктері мен бүгінгі бейбіт өмірдің байланысы айқын сезіліп, «Ерлік – елдің мәңгі жадында» деген ұғымның мәні тағы бір мәрте ұлықталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз