Қасым-Жомарт Тоқаев трансшекаралық суды пайдалану, Арал және Каспий теңіздерінде қалыптасқан экологиялық проблемаларға назар аударды
Президент су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән беру қажет деп санайды.
– Су тапшылығы үлкен проблемаға айналып келеді. Бұл ресурсты сақтау әрі ұқыпты пайдалану – еліміз бен аймақтағы өзге де мемлекеттер үшін стратегиялық, тіпті өмірлік маңызы бар басымдық. Өзге елдерде де солай деп ойлаймын. Трансшекаралық суды пайдалану проблемасын, Арал және Каспий теңіздерінде қалыптасқан экологиялық ахуалды уақыт оздырмай шешу мақсатында тиісті...
«Таза Қазақстан»: Жетісуда соңғы екі жылда 29 саябақ салынып, жаңғыртылды және 250 мыңдай ағаш отырғызылды
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы жүйелі іске асырылуда. Соңғы екі жылда өңірде 29 саябақ, 2 орталық алаң, көптеген балалар және спорт алаңдары салынып, жаңғыртылды. Облыс көлемінде елді мекендер аумағында 249,9 мың ағаш отырғызылып, орман қоры 27,4 млн. түп ағашқа ұлғайды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты,...
Ашхабадтағы халықаралық форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті
Президент Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы сенімді серіктесі болып қала беретінін айтты.
✔Сондай-ақ қос халық арасындағы берік достыққа, тарихи тамырластыққа негізделген ұзақ жылғы ынтымақтастықты оң бағалайтынын атап өтті.
✔Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе саяси диалог, экономикалық және гуманитарлық байланыстар дәйекті түрде дамып келе жатқанын растады.
✔Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері қарастырылды.
✔Осы орайда Мемлекет басшысы Грузиямен көлік-логистика, сауда-экономика салаларындағы қарым-қатынасты арттырудың әлеуеті...
Жетісу облысы: үш жылда 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 276 әлеуметтік нысан жаңартылды
Жетісу облысында соңғы үш жылда 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 13 498 отбасы жаңа қонысқа ие болды, оның 2 362-сі халықтың әлеуметтік осал топтарына, 388-і апатты тұрғын үйде тұратындарға берілді. Сонымен қатар аталған кезеңде жаңадан салынатын немесе жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандарды жаңартудың деңгейі орта есеппен 55,8%-ды құрап, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы...
Президент БҰҰ-ны реформалаудың маңызына назар аударды
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдаған Ашхабадтың Халықаралық бейбітшілік және сенім жылын жариялау туралы бастамасы ерекше мәнге ие болғанын жеткізді.
✔Президент еліміз осы маңызды қарарды қуаттағанын айта келіп, бейбітшілік пен келісім Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының іргетасы саналатынына назар аударды.
– Жекелеген кикілжіңдердің реттелгеніне қарамастан, әлемдегі жалпы ахуал әлі де ушығып тұр. Адамзат өзара сенім, толеранттылық, орнықты даму үшін бейбітшілік пен ынтымақтың...
Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов пен Президент Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығымен құттықтады.
✔Мемлекет басшысы Түрікменстанның саяси ұстанымы тұтас Еуразия құрлығының тұрақтылығы мен орнықты дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.
✔Аталған форумда көтерілген бастамалар ХХІ ғасырдағы бейтараптықтың мән-маңызына жаңаша көзқарас қалыптастырады.
✔Қазақстан Президенті Түрікменстанның бейтарап саяси ұстанымы түрікмен халқының сан ғасырлық мәдени дәстүрімен және рухани құндылықтарымен үйлесетінін...
Бейбіт Исабаев: «Туристерге қолайлы жағдай жасау – басты міндеттің бірі»
Жетісу өңірінде туризм саласына ерекше назар аударылып отыр. Облыс құрылған сәттен бастап бұл салада 64 жаңа нысан пайдалануға берілді. Сол сияқты Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауын күтіп ұстау үшін екі коммуналдық мекеме құрылды. Бұл жайлы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- Жыл...
Жетісу облысы: орталық су жүйесімен қамту 99,9%-ға жетті, газдандыру деңгейі жыл соңына дейін 72% болады
Жетісу облысы құрылғанға дейін тек 5 елді мекен ғана газдандырылған болатын. Жыл соңына дейін газ құбыры тартылған елді мекендер саны 126-ға, газдандыру деңгейі 72%-ға жетеді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Биыл «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды.
- Ақсу, Сарқан, Алакөл...
Жетісу облысында соңғы үш жылда 188 елді мекеннің ауылішілік көшелері жөнделді
Жетісу облысында соңғы үш жылда 188 елді мекеннің ауылішілік көшелері жөнделді. Сонымен қатар өңірдегі республикалық маңызы бар жолдар толығымен жаңғыртылды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысының айтуынша, 2024 жылы республикалық маңызы бар «Талдықорған-Үшарал» және «Үшарал-Достық» жолдары толық...
«Қорғас» арнайы экономикалық аймағында 32 жоба іске асырылып, 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
«Қорғас» арнайы экономикалық аймағында 32 жобасы іске асырылып, 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бұл ретте іске асырылған негізгі жобалардың ішінде KTZE – Khorgos Gateway: биыл құрғақ портты кеңейту жұмыстары аяқталды, соның нәтижесінде терминалдың өткізу қабілеті 1,5 есеге артты, яғни жылына 540 мыңнан 800 мың контейнерге дейін өткізе алады. Сол сияқты күн панельдерін өндіретін «Miami Solar», металл конструкцияларын шығаратын...





























