Бейбіт Исабаев: «Туристерге қолайлы жағдай жасау – басты міндеттің бірі»

Жетісу өңірінде туризм саласына ерекше назар аударылып отыр. Облыс құрылған сәттен бастап бұл салада 64 жаңа нысан пайдалануға берілді. Сол сияқты Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауын күтіп ұстау үшін екі коммуналдық мекеме  құрылды. Бұл жайлы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

— Жыл сайын өңірге 2 миллионнан астам турист келеді. Олардың келіп-кетуіне және демалуына қолайлы жағдай жасау – басты міндеттің бірі. Биыл жаңа «Ақши-Бескөл» электр желісі және қосалқы станциясы іске қосылды. Жағалауды нығайту бөгеттерінің және кәріз тазарту құрылғысының құрылысы жүргізілуде. Балқаш көлінің жағалауына дейін жол, сумен жабдықтау, су бұру, электр желілері жеткізілді. Көл жағалауында 6 коммуналдық жағажай қарастырылған, оның 3-уінде құрылыс басталды. Енді жағалауды абаттандырып, жеке инвесторларды тартып, демалыс аймақтарын салу міндеті тұр. Сондай-ақ, Лепсі станциясында жаңа теміржол вокзалының құрылысы басталып, келер жылы қолданысқа беріледі, — деді облыс әкімі брифинг барысында.

Ал экологиялық туризмді дамыту мақсатында «Алтынемел» және «Жоңғар Алатауы» ұлттық парк аумақтарында визит-орталықтар ашылды. Жасылкөл көліне және Ш. Уәлиханов мемориалдық мұражайына апаратын жолдар жөнделді. «Бұрқанбұлақ» сарқырамасы жолының құрылысы басталды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотографтар: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев, Жұмабай Мұсабеков

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз