17.5 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 23 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 115

Күкіртсутекпен улану: себептері, белгілері және алдын алу шаралары

Күкіртсутек (H₂S) – шіріген жұмыртқаның иісіне ұқсас, түссіз, өте улы және қауіпті газ. Ол: органикалық заттардың ыдырауы кезінде; мұнай мен газ өндіруде; кәріз жүйелерінде; шахталарда; химия және целлюлоза – қағаз өнеркәсібінде пайда болады.   Күкіртсутек тыныс алу жолдары арқылы тез сіңіп, төмендегі әсерлерге әкелуі мүмкін: шырышты қабықтарды тітіркендіреді; бас айналу, жүрек айну, көз ашыту; жоғарғы концентрацияда есінен тану, тыныстың тоқтауы, өлім; ...

Жұмыс орындарында химиялық уланудың алдын алу шаралары

Өндірістік қызметтің нәтижесінде ауа ортасына әртүрлі зиянды химиялық заттар түседі, олар адам ағзасымен байланыста болған кезде жедел және созылмалы болып бөлінетін кәсіптік ауруларды немесе улануды тудыруы мүмкін. Жедел улану, әдетте, химиялық заттардың салыстырмалы түрде жоғары концентрациясына қысқа мерзімді әсер еткеннен кейін кенеттен пайда болады және азды-көпті жедел клиникалық белгілермен көрінеді. Өндірістік жағдайда жедел улану көбінесе қауіпсіздік ережелерін бұзумен, жеке...

Үй жағдайында сынаппен уланудың алдын алу

Сынап – күміс-ақ түсті сұйық металл, нақты физикалық қасиеттері жоқ (түсі, иісі). Адам ағзасын  сынаптың буы және жинақталған улар тобына жататын органикалық қосылыстар улайды. Сынап кейбір, бөлмедегі температураны өлшейтін термометрлер, медициналық термометрлер, энергияны үнемдейтін  люминесцентті  шамдар құрамында кездеседі. Ағаш, пластмасса, бояу сияқты материалдар сынап буын белсенді түрде сіңіреді. Адам ағзасына сынап ингаляциялық (дем алу) түрде және су арқылы еніп, жедел...

Су басу қауіпі

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше облыс аумағында су тасқынына барынша бейім 49 елді мекен анықталған. Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында 46 елді мекенде қауіп барынша азайтылды. Қалған үш елді мекенде жұмыстар жоспарланған мерзімдерге сәйкес жалғасуда, олар Кербұлақ ауданының Малайсары, Панфилов ауданының Қоңырөлен және Сұптай ауылдарында. Дегенімен, облыс аумағында су басу қауіпі салдарының алдын алу және қажетті шараларды атқару мақсатында жыл...

Ауыз судың қауіпсіздігі

Ауыз су – адам өмірінің ең маңызды ресурстарының бірі. Су тек шөлді қандыру үшін ғана емес, ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне, зат алмасудың жүруіне және жалпы денсаулықты сақтау үшін қажет. Сондықтан ауыз судың қауіпсіздігі – қоғам үшін аса маңызды мәселе. Қауіпсіз ауыз су дегеніміз – құрамында адамның денсаулығына зиянды бактериялар, вирустар, химиялық заттар мен ауыр металдардың тұзы жоқ, гигиеналық нормативтерге сай...

Жетісу облысында тұтынушылардың 48 миллион теңгеден астам қаражаты қайтарылды

Жыл басынан бері Жетісу облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне E-өтініш платформасы, Telegram-бот және жедел желі арқылы 820 өтініш келіп түскен. Қабылданған шаралардың арқасында облыс тұрғындарына 48 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Бұл туралы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Айдос Дауешев баяндады. Тұтынушылар тарапынан түскен шағымдарды талдау көрсеткендей, негізгі мәселелер бөлшек және электрондық сауда салаларында шоғырланған....

«АИТВ-ға қарсы қиындықтардан – тиімді өзгерістерге»: Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясындағы өзекті міндеттер

Жыл сайын 1 желтоқсанда әлем жұртшылығы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнін атап өтеді. Бұл күн АИТВ/ЖИТС мәселесіне қоғам назарын аударып қана қоймай, аурудың алдын алу, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдау және стигма мен кемсітушілікке жол бермеу бағытындағы күш-жігерді біріктіруге арналған. 2025 жылғы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің ұраны – «АИТВ-ға  қарсы қиындықтардан – тиімді өзгерістерге». Аталған ұран АИТВ-ның алдын алу...

Жетісу облысында өрт қауіпті маусымның қорытындысы шығарылды

Жетісу облысында 2025 жылғы өрт қауіпті маусымның қорытындысы бойынша орман және табиғи аумақтардағы өрт жағдайына қатысты брифинг өтті. Баспасөз мәслихатында Талдықорған авиациялық бөлімшесінің бастығы Базарбеков Мұрат Қожабекұлы баяндама жасады. Спикердің мәліметінше, 2025 жылғы өрт қауіпті маусымда облыс аумағында 16 өрт оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 171,23 гектары орман алқаптарына тиесілі. Қолайсыз, құрғақ ауа райына қарамастан, өрттердің басым бөлігі бастапқы кезеңінде анықталып,...

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы 28-29 мамырда Астанада өтетінін жеткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, мемлекеттер алдында салмақты шешім мен үйлесімді әрекетті талап ететін күрделі міндеттер тұрғанына назар аударды. 🟦Президент келесі жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ету миссиясы Қазақстан Республикасына өтетінін еске салды. Мемлекет басшысы еліміз жаңа табысқа қол жеткізіп, бірлестік елдерінің игілігін еселеу үшін нәтижелі жұмыс жүргізуге ниетті екенін жеткізді. 🟦Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы 28-29 мамырда...

Жетісуда мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылысы басталды

Жетісу облысының Талдықорған қаласында мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылысы басталды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қала тұрғындарымен кездесуі барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Өткен кездесулерде көтерілген мәселеге байланысты биыл қыркүйек айында мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылысы басталды, 2026 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі...