Күкіртсутек (H₂S) – шіріген жұмыртқаның иісіне ұқсас, түссіз, өте улы және қауіпті газ. Ол:
- органикалық заттардың ыдырауы кезінде;
- мұнай мен газ өндіруде;
- кәріз жүйелерінде;
- шахталарда;
- химия және целлюлоза – қағаз өнеркәсібінде пайда болады.
Күкіртсутек тыныс алу жолдары арқылы тез сіңіп, төмендегі әсерлерге әкелуі мүмкін:
- шырышты қабықтарды тітіркендіреді;
- бас айналу, жүрек айну, көз ашыту;
- жоғарғы концентрацияда есінен тану, тыныстың тоқтауы, өлім;
- ең қауіптісі – адамның иіс сезуі жоғалады, сондықтан газды сезбей қалуы мүмкін.
Улану себептері:
- техногендік апаттар: сұйық улы заттардың төгілуі мен булануы;
- шахталарда газ бөлінуі: көмір қабаттарын өңдеу кезінде H₂S пен метанның бөлінуі;
- ққауіпсіздік ережелерін бұзу: зертханада немесе өндірісте респираторсыз жұмыс істеу;
- күкіртсутекті ванналар: артық уақыт болу немесе қышқыл мен сульфидті көп қосу;
- ойпаң жерлерде тұру: қоқыс полигоны жақын болса, газ шоғырланып, улануға әкелуі мүмкін.
Улану белгілері
Жеңіл улану:
- көзден жас ағу, тұмау;
- көздің қызаруы мен ауырсынуы;
- ауызда металл дәмі;
- жүрек айну, бас ауруы;
- мұрын-жұтқыншақтың қызаруы мен ісінуі.
Орташа улану:
- кеудеде қысылу, құсу, суық тер;
- әлсіздік, бас айналу;
- тыныс бұзылысы, жөтел, өкпе ісінуі;
- естен тану, сананың шатасуы.
Ауыр улану:
- апоплексиялық форма: кенет есінен тану, тырысу, тыныстың тоқтауы бірнеше минутта өлім;
- тырыспалы-коматозды форма: тырысу → кома → есі кіргенде галлюцинациялар, апатия, ұйқышылдық.
Алдын алу шаралары
Ауаны бақылау
- H₂S концентрациясын газ талдағыштармен үздіксіз бақылау;
- құдықтар мен жабық кеңістікте ауа құрамын тексеру.
Желдету
- өндірістік орындарда тиімді желдету жүйелерін орнату.
Жеке қорғаныс құралдары
- «В» маркалы газқағарлар (қышқыл газдарға қарсы);
- жоғары концентрация кезінде – оқшауланған тыныс аппараттары.
Жұмысты қауіпсіз ұйымдастыру
- жалғыз жұмыс істеуге тыйым;
- жабық кеңістікке арнайы рұқсатпен кіру;
- құтқару жабдықтары мен кезекші мамандардың болуы.
Оқыту мен нұсқаулық
- қауіпсіздік бойынша тұрақты нұсқаулықтар;
- қызметкерлерді қорғаныс құралдарын пайдалану мен эвакуацияға үйрету;
- төтенше жағдайларға дайындық оқу-жаттығулары.
Күкіртсутекпен улану – адам өміріне нақты қауіп. Бірақ қауіпсіздік техникасын сақтау, заманауи қорғаныс құралдарын пайдалану және мамандардың дайын болуы бұл қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.
Самат Ахметов, Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары





























