Үздік, білімді оқушылар анықталды

198
CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v62), quality = 90

Елімізде мектеп оқушылары арасындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Оған еліміздің өңірлерінен 939 оқушы қатысты,-деп хабарлайды басқа ақпараткөздеріне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.

Биылғы жылы оқушыларға арналған республикалық олимпиада 6 өңірде бір мезгілде өтті. Жас математиктер мен физиктер, химиктер Астана, Алматы және Павлодар қалаларында бақ сынасты.

Барлық кезең қорытындысы бойынша 431 оқушы жүлдегер атанды, олар 211 қола, 131 күміс және 89 алтын жүлдені өзара бөлісті. «Ең жас қатысушы» дипломымен Ақтөбе облысынан 8-сынып оқушысы Нұрәлі Шаймерден марапатталды. Ал «Ең үздік ауыл оқушысы» номинациясы бойынша Павлодар облысынан Максим Комаров пен Жетісу облысынан Владислав Иванов дипломдарға ие болды.

«Үздік олимпиадалық команда» номинациясы келесідей бөлініске түсті:
III орын — Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстары;
II орын — Астана және Алматы қалалары;
I орын – Павлодар облысы және РФММ құрама командасы.
Бас жүлдені Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы жеңіп алды.

 «Олимп шыңына жетелеуші» номинациясы бойынша педагог-тәлімгерлер мен олимпиадалық командалардың жаттықтырушылары марапатталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз