Жетісу облысындағы кірістерді декларациялау жүйесіне 118 мың жеке тұлға кірді

40

Бүгінгі таңда Жетісу облысындағы кірістерді декларациялау жүйесіне 118 мыңға жуық жеке тұлға кірді. 2024 жылдың басынан бастап кірістер мен мүлік туралы Декларацияда көрсету үшін ақпарат тізбесі қысқарды.  Енді жеке тұлғалар декларацияда төлем көзінен салық салынатын кірістер туралы, сондай-ақ, Қазақстанда тіркелген мүлікті сатып алу, иеліктен шығару немесе өтеусіз алу туралы ақпаратты көрсету қажеттілігінен босатылды. Бұл  туралы  Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапар Шайкенов БАҚ өкілдерімен кездесуде  мәлімдеді.

Спикер  сұрақтарға жауап бере отырып, ол барлық жеке тұлғалар, соның ішінде мүгедектік бойынша жәрдемақы алушылар декларацияны тапсыруы керек екенін атап өтті.

Декларациялау процесі төрт кезеңге бөлінеді. 1-кезеңде жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары жалпыға бірдей декларациялауға кірді. 2-кезеңде мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары. Үшінші кезеңде  заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары. Ал,  4-кезеңде  2025 жылдан бастап – азаматтардың қалған санаты, соның ішінде мүгедектер, үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен студенттер де өтуге міндеттеледі.

Соңғы мәліметтер бойынша, «Кірістер мен мүлік туралы Декларацияны» облыс бойынша барлығы 31 857 тұлға тапсырды. Айта кетейік, кірістер мен мүлік туралы декларацияны cabinet.salyk.kz ұсынуға болады. Сондай-ақ, «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), «e-Salyq Azamat», «eGov mobile» мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз