Су тасқыны: Көмек қолын созамыз!

348

Күні кеше  Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарына арнайы үндеу жолдады.   Үндеуде: « Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады».

Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында.

Күш-бірлікте! Су тасқыны болған аймаққа көмек көрсету үшін бүкіл ел жұмылып жатыр. Әрбір аудан мен қалада жылу жинайтын орындар ашылды. Ал жергілікті волонтерлер клубы қайырымдылық жұмысының ауқымын одан әрі кеңеюде.

 Жетісу облысында көмек қабылдайтын жерлер көбейді. Шарапаты мол іске жүк таситын көлік жүргізушілер де атсалысуда.

Бақтияр Жангелдинов, қала тұрғыны:

  -Еліміздің бірқатар өңірлерін  тасқын су басты. Соның  кесірінен тұрғындар баспанасыз, мал-мүліксіз қалды. Осындай қиын сәтте ел болып көмектесуіміз керек. «Бір ел, бір халық» болып ұйысуымыз керек.   Айтып келмес қарғын суға  тап болған азаматтардың жағдайы  қандай болып жатқанын ести тұра құр қол қарап отырмаймыз.   Әсіресе, қатты зардап шеккен Торғай, Ақтөбе, Орал, Атырау аймақтарына жүк көліктері Жетісу аймағынан аттануда. Облыс тұрғындары, мекемелер мен кәсіпкерлер көптеп  ұйымдастырып, көмек көрсетуде. Жиналған жүкті тиеуге волонтерлер, жастар тартылды. Халқымыздың басына осындай қиын-қыстау күн туғанда қайырымдылықтың, бір-бірімізге қолұшын берудің – үлкен адамгершілік қасиет екенін олар  білсін. «Бір жағадан-бас, бір жеңнен- қол» шығаруымыз керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз