Еліміздің тағы 7 жол учаскесін су басты

172

Бүгін Қазақстанның республикалық маңызы бар автожолдарында су тасыды. Оның жалпы ұзындығы – 3130 метр, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство ақпараты бойынша, биыл 8 сәуірде сағат 12:00-дегі жағдай бойынша, халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Атырау, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 7 жол жүру учаскесінде су тасыды. Су тасқынының жалпы ұзындығы – 3130 метр. Сондай-ақ 6 облыстағы Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО республикалық маңызы бар 13 автокөлік жолдарында 673 км созылатын жол қозғалысы шектелді. Қазір республикалық жолдарда 305 техника мен 357 адам жұмылдырылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз