Жетісу облысында жалпыға бірдей декларациялаудың ІІІ кезеңінің аралық қорытындылары

156

Жалпы декларациялаудың үшінші кезеңіне байланысты 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаның мүлкі мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары тапсыратын болады. Бұл әрекетсіз және уақытша тоқтатылған адамдарға қатысты.

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі барлық азаматтардың активтері мен міндеттемелері туралы декларация беруінен тұрады.

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында Жетісу облысы бойынша үшінші кезеңдегі 75 053 декларанттың ішінен 40 344 жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация (250.00-нысан) немесе 53,8% табыс етілді.

Бірінші және екінші кезеңдердің декларанты бойынша 119 266 жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) 92 310 жеке тұлға немесе 77,4% орындау тапсырды.

Декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет. Декларацияны «Салық төлеуші кабинеті», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-salyqАzamat», Halyk, Bank CenterCredit мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз нұсқада пошта арқылы немесе өздері барып ұсынуға құқылы.

Дегенмен, декларацияны тапсырудың соңғы күндерін күтпей-ақ, салық міндеттемесін дәл қазір орындауға шақырамыз, өйткені декларацияны тапсыру кезінде ақпараттың көп ағынына байланысты ақпараттық жүйелерже кептеліс болуы мүмкін.

Кейіннен жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне енгізілген Декларанттар жыл сайын күнтізбелік жыл ішінде жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірістерін (мүліктік кірістер, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынатын кірістер) көрсететін табыстары мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 нысаны) үй қызметкерінің табысы, жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс және т.б.), салық шегерімдері, бағалы қағаздар, шетелдік банктердегі ақша, дебиторлық/кредиторлық берешек, Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару туралы мәліметтер, сондай-ақ оларды сатып алу шығындарын жабу көздер ұсынады. (Қазақстандағы мүлік туралы мәліметтерді «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация тапсыруға міндетті тұлғалар ғана, яғни мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар жұбайларымен бірге толтырады).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз