Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі — мемлекеттік тіл.
Қай кезде болмасын тіл мәселесі – сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналады.. Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау жұрнағы әрбір азаматқа танымал, мәдени– әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Ұлт тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағандығын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат ешнәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпіндей тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі бай. Осы күнгітүрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ.
Қазақ тілінің қайығы кері қарай жүріп бара жатыр дей алмаспыз. Даму бар. Алға жылжу байқалады. Ауызды қу шөппен сүртуге болмас. Алқалы жиында арамызға өзге ұлттың бір өкілі кіріп келсе, бәріміз шүлдірлеп «түсінікті» тілге көшеміз. Бұл жасырын емес. Әрі-беріден соң биік шеңберден қазақ тілі деп қайғы жұтатын кейбір қайраткерлердің балалары, немерелері қазақ бақшасына, қазақ мектебіне бармайды. Бұл да қоғамда орын алып отырған келеңсіздік.
Мемлекеттік тіл – мемлекетіміздің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге жұмыс жасай берейік. Қазақ тілі – қазақтың мәдениеті мен біте қайнасып жатқан рухани қазына.
Тіліміздің қадірін тек тіл мерекесінде ғана емес, күнделікті көтерейік!
Н.Сагындыков,
Талдықорган қаласының
ТЖБ бас маманы,
азаматтық қорғау капитаны