Бірлік пен береке мерекесі

269

Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қоғам белсенділері мен қаламыздың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды 1 наурыз-Алғыс айту күнімен құттықтады. Олардың қатарында батырлық танытып,жас бойжеткеннің өміріне араша түскен шаштараз-Яровая Галина Анатольевна,бір отбасын өрттен құтқарып қалған,автобус жүргізушісі-Қуатқали Елнұр Жанатбекұлы да бар. «Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп,алғыс айтып отырған. Тыныштық пен үндестік,өзара сенім мен құрметтің орнығуына негіз болған айтулы мерекемен құттықтай отырып, қаламыздың гүлденуі үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз,қызметтегі жетістіктеріңіз бен жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін»,- деді. Қазақстанның үздік журналисі,қоғам қайраткері Әміре Арын мерекенің маңыздылығына тоқтала келе, « Ең әуелі адамзатты жаратқан Аллаға алғыс айтамыз. Екінші,қазақ- ежелден өркениеттің алдыңғы қатарында болумен қатар жүректегі намысын ту етіп,қажет кезінде жомарттығын,мәрттігін таныта білетін халық екендігін,сол үшін де барша қазақстандықтарға алғыс айтуымыз керек.Үшіншіден, халқымыздың тағдыры сынға түскен қаңтар оқиғасында жеке басын тәуекелге тігіп,елін,жерін сақтап қалған Президентке алғысымызды айтуымыз керек. Сондай-ақ, жаңа Қазақстанды құрып ,қасиетті жерді,байлықты келешек ұрпаққа беру үшін тер төгіп жатқан облыс,қала басшыларына алғысымызды арнаймыз. Осылай тату-тәтті болайық,бір-бірімізге жылы сөзімізді аямайық,»,-деп жүрекжарды лебізін жеткізді.

Гүлжанат НҰРШАНОВА

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз