Жетісу облысында Жайпақ станциясының вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

Жетісу облысында 1999 жылы салынған Жайпақ станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталдыЖүргізілген жөндеу нәтижесінде вокзал ғимараты жаңартылыпжолаушылар инфрақұрылымы абаттандырылды

Нысанды жөндеу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан еліміздегі 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында орындалды

Қайта жаңғыртудан кейін бір қабаттығимараттың жалпы ауданы 105 шаршы метрді құрайдыНысанның қасбеті мен ішкі бөлмелері жаңартылыпжолаушылар перроны абаттандырылдыҚасбеті сәндік сылақпен әрленіпіргетасының сыртқы бөлігі гранитпен қапталды, ал еденге керамогранит төселді

Қауіпсіздік мәселелеріне де ерекше назар аударылдыҚосымша эвакуациялық жолдар жабдықталыпөрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес есіктер орнатылдыҚұрылыс жұмыстары барысында отандық өндірістің құрылыс материалдары пайдаланылды

Жайпақ станциясының вокзалы III санатқа жатады. Станция арқылы Достық және Жалаңашкөл станцияларымен көлік қатынасын қамтамасыз ететін екі жолаушылар пойызы жүреді

Теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасын іске асыру жолаушылар инфрақұрылымын жаңартуғажайлылық пен қауіпсіздік деңгейін арттыруғасондай-ақ жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз