«Жас шекарашы» үйірмесін дамыту жөнінде меморандумға қол қойылды

1

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы мен Жаркент қаласындағы С. Хамраев атындағы орта мектеп арасында «Жас шекарашы» үйірмесін ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Келісім аясында оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайту, мемлекеттік шекараны қорғау қызметімен таныстыру және әскери мамандықтарға қызығушылығын арттыру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізу көзделген.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз