Талдықорғанда жалпықалалық сенбілік өтті

288

Жетісу  облысының   орталығы Талдықорғанда   күзгі  санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру  айлығының жоспарына сәйкес  және Қала күні  қарсаңында жалпықалалық сенбілік  өтті.


Бұл шараға  мекеме қызметкерлері, жастар  біркісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жалпы айтқанда, сенбілік — тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде. Осы шараның аясында 30 көше бойы,  25 шақырым арық жүйесі тазаланды. 45 көлік қоқыс шығарды. Сенбілік нәтжесінде 375 тоннадан астам қоқыс жинақталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз