2026 жылғы 27-29 мамыр күндері Құрбан айт мерекесі аталып өтеді. Осыған орай, Талдықорған қаласында құрбандық шалуға арналған арнайы белгіленген орын бекітілді:
📍 Құрбандық шалынатын және құрбандыққа арналған малдардың сатылу орны: Талдықорған қаласы, 3-ші бөлімше, Шұғыла көшесі 2Б үй, 2 участок (мамандандырылған қасапхана).
⚠️ Құрметті талдықорғандықтар! Құрбандық шалу және мал сату тек бекітілген орында ғана жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен қатар, мал сатушыларда барлық қажетті ветеринарлық құжаттар болуы міндетті!
Талдықорған қаласының әкімдігі баршаңызды келе жатқан Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтайды!





























