Жаңа Конституцияда өтпелі кезеңнің барлық рәсімдері, мерзімдері мен регламенттері жазылды

4

Конституциялық реформа жөніндегікомиссияның 12ші отырысы барысындаҚазақстан Республикасы Конституциялық Сотытөрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановкеліп түскен ұсыныстардың қорытындыларынегізінде жаңа Ата Заң жобасына енгізілгенқосымша нормалар туралы хабарлады.

Оның айтуынша, негізгі бағыттардың бірі тұрғын үйге қол сұғылмаушылық кепілдігінкүшейту. Бақыт Нұрмұханов 28баптың
1тармағында тек тұрғын үйден айыруға ғанаемес, соттың шешімінсіз одан шығаруға да жолбермейтін толықтыру көзделгенін атап өтті.Тұрғын үйге басып кiруге, оны қарап-тексеруге, тiнтуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртiппен жол берiледi.

Талдау қорытындылары бойынша жаңаКонституцияның күшіне ену және 1995 жылғыКонституцияның қолданысын тоқтатумерзімдерін регламенттейтін нормаларқосымша көзделген. Жекелеген ережелербірпалаталы Құрылтайға көшу және оныңсайлауын өткізу мәселелерін реттейтінболады. Спикер нормалардың басқа бөлігілауазымды тұлғаларды тағайындауға жәнежаңа мемлекеттік органдарды қалыптастыруғақатысты екенін атап өтті.

«Конституциялық Кеңес пенКонституциялық Соттың бұрын қабылданғаннормативтік қаулылары Ата заңға қайшыкелмейтін бөлігінде заңды күшін сақтайтынынатап өткім келеді», деді Бақыт Нұрмұханов.

Соңында ол жоба мәтіндерініңпысықталғаны туралы хабарлады. Спикердіңайтуынша, Конституция жобасыныңмемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерібарынша жетілдірілген.

«Оларда терминологиялық жәнесемантикалық бірізділік қамтамасыз етілген.Құқықтық нормалардың тұжырымдамаларықолжетімді және олардың мазмұны баршаға түсінікті етіп жазылған. Бұл бағытта заңгерлермен лингвист мамандардан құралған жұмыстоптарының үлкен жұмысын ерекше атап өткімкеледі. Жаңа Конституцияның пысықталғанжобасы Комиссия мен жұмыс топтарыныңотырыстарында жан-жақты талқыланып, қолдау тапты. Комиссия мүшелерініңазаматтармен және заң қоғамдастығы өкілдерімен өткізген кездесулерінде де оңпікірлер айтылды», деп қорытындыладыБақыт Нұрмұханов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз