2026 жылы Жетісу облысында бірқатар маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыру жоспарланған

2026 жылы Жетісу облысында мемлекеттік жастар саясаты, отбасы және азаматтық белсенділікті дамыту бағытында бірқатар маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Аталған жобалар өңір жастарының әлеуетін арттыруға, қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алуға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

Жобалар «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда 10 жоба жарияланды, оның ішінде 2 жоба ұзақ мерзімді грант, яғни 2026–2028 жылдарға арналған, 8 жоба қысқа мерзімді грант, яғни 2026 жылға арналған.

Өтінім қабылдау мерзімі: қысқа мерзімді гранттар бойынша
15 (он бес) жұмыс күні ішінде 3 — 23 ақпан аралығында, ұзақ мерзімді гранттар бойынша 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде 3 ақпан — 2  наурыз аралығында.

Қатысуға тек деректер базасында тіркелген ҮЕҰ-лар рұқсат етіледі.

Толығырақ: 2026 жылға үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мәліметі бойынша.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз