Мұқаметқали Сүлейменнің баласы,
Мұқағали еркелеткен анасы.
Екеуі де ол Алланың әмірі,
Пайғамбардың есімдері қарашы.
Қарасазда кіндіктері кесілген,
Қара өлең тербеп бесік өсірген.
Арман барма ұрпағында Мұқаңның,
Әр өлеңі соққан желмен есілген.
Құйылғанда көмейінен өлеңі,
Сатып бірін ақша етемін демеді.
Қазағымның түйсігіне сіңіріп,
Жеңілдету өмірлерін керегі.
Бақыт сыйлап әр адамға күлкімен,
Талай жасты өлеңменен сүртіп ең.
Жақтырмадың жағымсуды, жалғанды,
Талайлардың жанарынан үркіп ең.
Қанша өлең кетті желмен шашылып,
Сақталғаны мұқабаға басылып.
Қазағыңның жүрегіне жеткізді,
Шаңы басқан архивтерден ашылып.
Жылқайдарова Роза Төлегенқызы





























