Халық саулығын қалыптастыруда бұқараның спортпен шұғылдануы маңызды. Осы ретте «Әділет» партиясы 2031 жылға қарай өңірде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықтың үлесін 44,0%-дан 50,5%-ға дейін арттырады. Осы тектес партияның бастамаларын Жетісу облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Әнел Капекова мен Сәуле Рысбекқызы, Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер Нұрбек Құдайберген Талдықорған қалалық жедел жәрдем станциясы қызметкерлерімен кездесуде баяндады.
Жиында алғаш сөз алған Сәуле Рысбекқызы өңірде медицина саласында кадр тапшылығы байқалып отырғанын жасырмады. Айтуынша, партия осы тапшылықты азайту яки мүлде болдырмауға нақты жоспар құрып отыр.
– Медициналық мамандарды, әсіресе ауылдық елді мекендерге тартып, оларды жұмыс орнында тұрақтандыру және үздіксіз кәсіби білім беру жүйесін дамыту арқылы 2031 жылға қарай дәрігерлер тапшылығын 97-ден 70-ке дейін қысқартамыз, — деді кандидат.
Ал, Нұрбек Құдайберген бұқараның денсаулығын қалыптастыруда экологиялық талаптардың сақталуы мен қоршаған ортаның тазалығы маңызды екенін алға тартты. Ол үшін де «Әділет» партиясы аянып қалмайды.
— Қалдықтарды тиімді басқаруды, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды, сұрыптауды және қайта өңдеуді дамытамыз. 2031 жылға қарай қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 27,5%-ға дейін арттырамыз, — деді спикер.
Мінберге көтерілген Анел Капекованың айтуынша, 2026-2031 жылдарға арналған бағдарламаның басты мақсаты – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту екенін жеткізді.
Кездесуде станция қызметкерлері ашық пікір алмасу үшін партия өкілдеріне алғыс білдіріп, саяси науқанда «Әділет» партиясын қолдайтындарын жеткізді.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Есбай А.Ғ.
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.





























