Дүниежүзілік сайлау күнін жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өту дәстүрі Қазақстан Республикасы толыққанды мүшесі болып табылатын Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасымен басталды.
2005 жылы Будапештте (Венгрия) сайлауды ұйымдастырушылардың Бас конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде бекітіліп және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Дүниежүзілік сайлау күні болып аталып өтуде.
Бұл күннің мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыру, сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру және жас сайлаушылар клубының жұмысын қалыптастыру бағыттарыне негізделіп отыр.
Дүниежүзілік сайлау күні аясында іс шаралар «Заң үстемдігі», «Тәуелсіздік», «Ашықтық», «Инклюзивтілік», «Сайлау комиссияларының кәсібилігі мен алқалылығы» атты 5 бағыт бойынша жүргізілді.
Осыған орай, Талдықорған қаласының аумақтық сайлау комиссиясының бастамасымен Дүниежүзілік сайлау күніне орай, жұмыс жоспары жасалып, Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау заңнамасын насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізілді.
Жоспарға сәйкес кездесулер, дөңгелек үстелдер, пікір сайыс турнирі, зияткерлік ойындары өтті.
Атап айтсақ, 2026 жылдың 27 қаңтар күні Талдықорған жоғары агро техникалық колледжінде «Қоғамның сайлауға деген сенімін арттыру» атты тақырыпта пікір сайыс турниры ұйымдастырылды.
Аталған шараға колледж студенттерінен құралған төрт команда қатысып, тақырып аясында өз білімдері мен біліктіліктерін көрсетті.
Сарапшылар құрамында Жетісу облыстық аумақтық сайлау комиссиясының, Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясының және жас сайлаушылар клубының мүшелері болды.
Турнир қорытындысы бойынша І орынды 373 топ студенттері Өмірзақ Аяулым, Жұмаділова Айдана, ІІ орынды 141 топ студенттері Абдрашитов Мирас, Ерғалым Аян, ІІІ орынды 251 топ студенттері Сағынтай Бақдаулет, Рақымбай Нұртас, 291 топ студенттері Мамед Нұрсұлтан, Дүйсенбек Мейіржан ие болып, жеңімпаздарға грамоталар табысталды.
29 қаңтар күні Ардагерлер Үйінің мәжіліс залында «Ұрпақтар сабақтастығы» атты тақырыпта кездесу өткізілді.
Кездесуге Жетісу облыстық аумақтық сайлау комиссиясы, Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясы, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары және жас сайлаушылар клубының мүшелері қатысып, баяндамалар жасады.
Кездесу соңында Дүниежүзілік сайлау күніне орай, сайлау саласының өркендеуіне белсенді үлес қосқаны үшін бірқатар учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары Жетісу облысының аумақтық сайлау комиссиясының грамотасымен марапатталды.
30 қаңтар күні Талдықорған қаласының орталық балалар кітапханасында «Жас ұрпақтың құндылықтары: еркіндік, жауапкершілік, таңдау» атты тақырыптағы дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге Талдықорған қалалық Маслихат депутаты Оразбаев Шалқар Елісұлы, Талдықорған қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Рымтаев Әділет Рымтайұлы, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары, жас сайлаушылар клубы мүшелері және №2 орта мектептің оқушылары қатысты.
Шара барысында қатысушыларға сайлау үдерісінің маңыздылығы түсіндіріліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Өскелең ұрпақ тарапынан сұрақтар қойылып, баяндамашылар жан жақты заң талаптарына сәйкес жауаптар берілді.
3 ақпан күні «Менің дауысым маңызды» атты тақырыпта кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу «Ерлік» қоғамдық бірлестігінің ғимаратында өтіп, оған бірлестік қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Талдықорған қалалық Маслихат депутаты Акжаркенова Роза Хаджи Ахметқызы, Жетісу облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Албанбекова Мадина Дарханқызы, Талдықорған қаласының аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Кузубаев Расул Нихмаджанович қатысып, пікірлерімен бөлісті,
Шараның негізгі мақсаты Дүниежүзілік сайлау күнінің 5 негізгі бағыттырының бірі «Инклюзивтілік» бағыты бойынша сайлаушыларға сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процесстерін өркендету, сайлау саласындағы заңнамалармен таныстыру, сайлау саласындағы тәжірбиелерімен бөлісу болып табылады.
Кездесу соңында, Дүниежүзілік сайлау күніне орай, сайлау саласының өркендеуіне белсенді үлес қосқаны үшін Талдықорған қалалық Маслихат депутаты Акжаркенова Роза Хаджи Ахметқызы Талдықорған қаласының аумақтық сайлау комиссиясының грамотасымен марапатталды.
5 ақпан күні №21 орта мектепте «Бір Заң, бір команда» атты тақырыпта зияткерлік ойыны өтіп, оған учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерінен құралған командалар қатысты.
Шараның негізгі мақсаты Дүниежүзілік сайлау күнінің 5 негізгі бағыттырының бірі «Сайлау комиссияларының кәсібилігі мен алқалылығы» бағыты бойынша комиссия мүшелерінің арасында өзара достық қарым қатынасты нығайту, білімдері мен біліктіліктерін шыңдай отырып, сайлау саласындағы тәжірбиелерімен бөлісу болып табылады.
Ә.Рымтаев,
Талдықорған қаласының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы





























