Талдықорған қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері жаңа Конституция жобасын талқылады. Басқосу барысында баяндамалар жасалып, жобаның негізгі ережелері, тұжырымдамалық негіздері таныстырылды. Қатысушылар Ата заңымыздың жобасына енгізіліп отырған өзекті құндылықтар мен адам құқықтары,адвокатура институты, Халық кеңесі, парламенттің жаңа құрылымы – Құрылтай, 9 баптың 2 тамағына қатысты пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу соңында Қоғамдық кеңес төрағасы Рахмет Есдәулетов әріптестерін ұсынылып отырған реформаларды қоғамдық орындар мен тұрғындар арасында, еңбек ұжымдарында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды.
Өз тілшіміз



























