Әскери терминологияны қазақша біріздендіру мәселесі талқыланды

3

ҚР ҰҚК Шекара академиясында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша офицерлердің қатысуымен «Тапанша бөлшектерінің қазақша атауларын біріздендіру мәселесі» тақырыбында ғылыми дөңгелек үстел өтті. Жиынға әскери және азаматтық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, тілші ғалымдар мен терминологтар қатысты. Шараны академияның 1-факультет бастығы полковник Айбек Әлдібаев ашты.

Дөңгелек үстел барысында тапанша бөлшектеріне қатысты 121 термин қарастырылып, олардың қазақша баламаларының мағыналық дәлдігі, тілдік ерекшеліктері мен кәсіби қолданысқа сәйкестігі талқыланды. Қатысушылар ұсынылған атаулар бойынша пікір алмасып, әскери терминологияны біріздендіруге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Ғылыми басқосу қазақ тіліндегі әскери терминдер қорын толықтыруға, ұлттық әскери білім саласындағы ғылыми ізденістерді дамытуға және оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз