ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында әскери қызметшілердің жұбайларымен кездесу ұйымдастырылды. Жиынды тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің аға офицері майор Бақытжан Шөмшекбаев «Басқұншы» шекара бөлімшесінде өткізді.
Кездесу барысында әскери қызметтің маңызы, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету, шекараны тікелей күзететін бөлімшелердегі қызметтің ерекшеліктері және әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне шекарашылардың жауынгерік қызметінің жауапкершілігі туралы түсіндірілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























