ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында Шекара академиясы курсанттарының тәжірибелік машықтану кезеңі өтуде. Аға лейтенант Артём Авдунов жетекшілік ететін курсанттар әскери бөлімшелердің тыныс-тіршілігімен танысып, жеке құраммен тәрбие, психологиялық және кәсіби бағдар бағытындағы жұмыстарға қатысуда.
Машықтану барысында «Күз-2026» шақырылым сарбаздарымен кездесулер, Тұран университеті магистранттарымен бірлескен тренингтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар Алакөл ауданы мектептерінде оқушыларға кәсіби бағдар беріліп, Шекара академиясына түсу талаптары түсіндірілді. Курсанттар келісімшарт бойынша әскери қызметке үміткерлерді психологиялық іріктеу жұмыстарына да қатысты.
Тәжірибелік даярлық болашақ офицерлердің теориялық білімін жетілдіріп, әскери ұжымды басқару, жеке құраммен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай машықтану кезеңі кәсіби тәжірибе жинақтап, шекара қызметінің жауапкершілігін терең түсінуге жол ашады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























