ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Екіаша» шекара бөлімшесінде «Шекаралық бәйге» жарысы өтті. Сайысқа «Сарқан» шекара бөлімінен он үш кавалерист қатысып, қызметтік аттарымен бірге үш кезең бойынша өзара мықтыны анықтады. Қатысушылар шекаралық бағдарлау, қарудан ату мен он шақырымдық қашықтыққа жүгіру кезеңдерінде бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша «Екіаша» шекара бөлімшесінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Р.Тұрсынбай «Орден» атты қызметтік атымен «Үздік кавалерист» атанды. Сонымен қатар ол атыс жаттығуы мен он шақырымдық бәйге кезеңдерінде де бірінші орын иеленді. Қатысушылар кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.
«Шекаралық бәйге» кавалерист мамандардың кәсіби шеберлігін арттырып, қызметтік аттардың төзімділігі мен жұмысқа қабілеттілігін шыңдауға бағытталған. Алдағы уақытта басқа шекара бөлімшелерінде де аталған бәйгені жалғастыру жоспарлануда.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























