ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің «Шындалы» шекара бөлімшесі өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бері мемлекеттік шекараны күзетіп келеді. Жетпісінші жылдардың соңында бөлімше Кеңес Одағы көлеміндегі үздік шекара заставасы атанып, жоғары жауынгерлік даярлығы мен қызметтік тәртібін дәлелдеген.
Бөлімше әскери қызметшілері шекараны күзетумен қатар, төтенше жағдайларда да азаматтық жауапкершілік танытып келеді. Өңірде болған дала өрті кезінде орманшылармен, жергілікті тұрғындармен және төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп, бір айға жуық уақыт бойы өртті ауыздықтауға атсалысқан.
Бүгінде капитан Бейбарыс Байшин басқаратын жеке құрам бөлімшенің қалыптасқан әскери дәстүрін жалғастырып, мемлекеттік шекараны күзету міндетін абыроймен атқарып келеді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























