Желшешек – бұл ағзаның, орташа улануымен және тері мен шырышты қабатта дақты-папулезді-везикулярлы бөртпелермен сипатталатын антропонозды жедел вирусты жұқпалы ауру. Желшешек тез таралатын аурулар қатарына жатады. Инфекцияны қабылдаушылық өте жоғары. Ересек адамдарда асқынулар балаларға карағанда көбірек кездеседі.
Этиологиясы. Желшешек коздырғышы сыртқы ортада төзімсіз: күн жарығы, қыздыру, ультракулгін сәулелері әсерінен тез жойылады.
Эпидемиологиясы. Желшешек – антропонозды ауру. Инфекциянын көзі – тек адамдар болып табылады. Ауру өте контагиозды, ауа-тамшылы жолымен беріледі. Ауру қоздырғышы ауа арқылы жұғуы үлкен ара қашыктықтықтарға өтуі мүмкін. Тіркелген аурулардың жартысына жуығы 5-9 жас аралығындағы балаларда кездескен, ал 1-4 және 10-14 жастағы балалар сирек ауырады. Желшешек ауруының 10% жуығы 15 жастан жоғары балаларға тән. Ауру жылдың суық мезгілдерінде жоғарылайды. Ауырып шыққандарда тұрақты иммунитет қалыптасады.
Патогенезі. Инфекцияның кіру кақпалары тыныс алу жолдарының шырышты кабықтары болып табылады. Вирус қанға өтіп, содан сон теріге түседі де, ерекше бөртпенің пайда болуын тудырады. Инфекцияның жедел көрінуі басылғаннан кейін, вирус жасырын инфекция түрінде организмде ұзақ сақталады.
Клиникалык көріністері. Желшешектің жасырын кезеңі 10-21 күнге (жиі 14-17 күн) созылады. Алғашқы кезең кысқа, оның клиникалық нышандары жоқ, бар жоғы 1 тәулікке жуық созылады. Ауру бөртпенің пайда болуымен бірден басталады. Бөртпенің, бірінші элементтері терінің кез келген жеріне шығуы мүмкін: ішке, жамбасқа, иыққа, кеудеге, бет пен басқа, шаш арасында орналасады. Алғашқыда дөңгелек немесе сопақша формадағы дақтар (5-10 мм) пайда болып, содан кейін дақтың ортасында папула білінеді де, ол везикулаға айналып кетеді. Көпіршіктердің кұрылуы әртүрлі формада келеді (дөнгелек, сопақша, күмбез тәрізді). Көпіршіктер сипағанда жұмсақ болады.
Алдын алу шаралары. Науқасты соңғы жаңа бөртпе пайда болғанға дейін, 5 күнге дейін үйде жеке ұстайды. Ал бұрын бұл инфекциямен ауырмаған, жел шешекпен ауырған науқаспен байланыста болған 7 жасқа дейінгі балаларды 21 күн оңаша жатқызады. Желшешекке карсы вакцина жоқ.
Емдеуі. Жедел кезеңде науқастар төсек тәртібін сақтауы керек, төсек жаймалары мен киімінің тазалығын және қолды таза ұстап, тырнақты алып тұру керек.
Индира Кунбасова, Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары





























