Алтын қолды дәрігер

433

Бүгінгі таңда қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту– еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай,қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүміндіктер жасалуда.Қызметіне адал, елге жанашыр дəрігерлер осынау сын сағатта уақытпен санаспайды.  Ерен еңбекпен, шипалы алақан, мейірімді жүрекпен көптің көңілінен шығып жүрген  Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана директорының методикалық жұмыстар жөніндегі орынбасары, жоғары категориялы дәрігер, травматолог-ортопед Аслан Қалибековтің есімі көпке аян.

Ол Үштөбе қаласындағы №51 орта мектепті 1995 жылы ойдағыдай аяқтайды. Бала кезден бергі арманын жүзеге асыру мақсатында Семей мемлекеттік медицина академиясын таңдап оқуға түседі. 2003-2004 жылдары Семей қаласында балалар хирургиясы бойынша интернатурадан өтеді. Бұдан әрі қарай да Алматы мемлекеттік  университетінде «Травматология мен Ортопедия» бойынша дәрігерлер біліктілігін арттыру  тағылымдамсынан өтеді. 2019 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау» алғашқы мамандандыру, 2021 жылдан  бүгінге дейін денсаулық сақтау менеджменті бойынша магистр. Білім мен біліктілік тұғырынан түспеуді ойлайтын Аслан Толымбекұлы  Ресейдің Мәскеу,  Краснодарь, Белорусь, Польшаның Варшава, Белосток қалаларында, Бішкекте өткен ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып,  тәжірибе алмасты..

Ал еңбек жолын Талдықорған қаласындағы облыстық клиникалық ауруханада хирург дәрігер болып бастайды. 2006-2009 жылдары  ҚР ІІМ-нің 5514 әскери бөліміде медициналық қызметтің басшысы, 2009-2016 жылдары облыстық клиникалық аурухананың травмотолог-ортопед ординатор дәрігері болып  халықтың  денсаулығы күзетінде болды. Содан кейін 2016-2021 жылдар облыстық аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі. Ал, 2021 жылдан қазірге дейін облыстық аурухананыңметодикалық жұмыстары үйлестіру жөніндегі директордың орынбасары.
Аслан Қалибековтің айтуынша,  мемлекеттің басты құндылығы – адам өмірі. Ал, адам өмірінің қауіпсіздігі дәрігерлердің қолында. Дәрігер мамандығының қыр-сырын қанық біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек. Ақ халатты киіп алу шарт емес. Олар әуелгі ретте адамның жаны мен тәнінің арашашысы екендігін іштей сезіне білуі тиіс.Осынау жауапты істің жүгін қызметкерлермен бірге көтеріп келеді. Алдына келген әр науқастың жанын өзіндей сезіне біліп, дер кезінде жан ауырпашылығы мен сырқаттың салдарын анықтап, одан толық айығуға басты себепкер болатын ақ халаттылар.

Облыстық аурухана ұжымы қашанда елдің денсаулығы мен амандығы жолында қызмет атқарып келеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз