Биік белестерді бағындырған Толқын

355

Халықта:«Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» деп. Әсіресе, денсаулықтың қадірін, коронавирус кезінде қатты сезіндік. Сол кезде пандемиялық жағдайды айтып, ауру жайлы хабар таратқан  санитарлық–эпидемиологиялық бақылау дәрігерлері  болатын.Көжебаева Толқын Тоқтасынқызы- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жетісу облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті коммуналдық объектілерді бақылау мен қадағалау бөлімінің басшысы.

Ол 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын медико-профилактикалық іс, 2016 жылы Тұран университетін  құқықтану бойынша бітіреді. Әрине,  Толқын Тоқтасынқызы өз арманына қол жеткізу үшін аянбай жұмыс жасады. Жоғары оқу орнына түскенге дейін Жамбыл облыстық ауруханасында  еңбек етеді. Ал, оқу орындарын бітірген соң қалаған мамандығымен іске кіріседі. Медициналық академиядан соң,  Таразда Жамбыл облыстық МСЭҚБ дәрігер-паразитолог болып орналасқан маман , бір жылдан соң аталмыш бөлімнің бастығы, санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігері боп  қызмет етті.

2004 жылы Талдықорған қалалық МСЭҚБ коммуналдақ гигиена бөлімінің бас маманы болып келеді. Өз ісіне мығым Толқын Тоқтасынқызы  қашанда еңбекқорлығымен ерекшеленеді.  Білікті маман Алматы облыстық МСЭҚБ коммуналдық гигиена бөлімшесінің бас маманы,одан әрі осы жерде бөлім басшысы, өнеркәсіптік объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінде қызмет атқарды.  Екі облыс бөлінген тұста Қонаев қаласында  да біраз уақыт қызмет  атқарған болатын. 2023 жылдың ақпан айында Жетісу облысындағы қызметіне оралып, бүгінде санитар дәрігер өз жұмысын мінсіз атқаруда. Бәрімізге белгілі, өнім өндіретін мекемелер, қонақ үй, базарлар, балабақша, мектеп, тамақтандыру орындары тәрізді мекемелер осы СЭС-тің рұқсатымен жұмысын істейді. Ең басты мақсат- тазалық сақтау арқылы жұқпалы аурулардың таралып кетпеуін қадағалайды. Егер санитарлық нормадағы талаптар бұзылса, заң жүзінде шаралар қолданатын  көрінеді.  Толқын Көжебаеваның    еңбек өтілі  бүгінде 34 жылдан асады. Осы аралықтағы жинақтаған тәжірибесі мен білімі кәсіби біліктілікке жеткізіп келеді.

Әрине,  дәрігер болу үшін жүректілік, шыдамдылық, білім мен біліктілік, аса сақтық, ұқыптылық, жауапкершілік, адалдық, шексіз мейірімділік, адамның тәнін ғана емес, жанын емдей алатын психолог бола білу керек. Ең бастысы, мамандықты сүю керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз