Талдықорғанда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жасөспірімдер арасында дзюдодан қалалық ашық турнир өтті. Аталмыш додаға облысымыздың аудан-қалаларынан, Шығыс Қазақстан облысынан, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан жалпы саны 570 спортшы қатысты.

Жарысқа тыңғылықты дайындалып келген жас дзюдошылар татамиде үздік өнер көрсетуге талпынды. Жаттықтырушылардың сеніміне селкеу түсірмегендері жеңіске жетті. Сайыс соңында турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері қалалық спорт бөлімінің және «Өркен» спорт мектебінің дипломдарымен және медальдарымен марапатталды. Жарыс барлық санитарлық сақтық шараларын қатаң сақтап өткізілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK