Жетісу облысында монополияға қарсы органның нұсқамалары орындалды

306

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттік кәсіпорындарға, оның ішінде арнайы орта білім беру колледждеріне мониторинг жүргізді.

Ақсу агротехникалық колледжінің, Алакөл және Жаркент көпсалалы колледждерінің жарғыларында ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысына сәйкес келмейтін және монополияға қарсы органмен келісілмеген қызмет түрлері болғандығы анықталды. Атап айтқанда, бұл қосымша білім беру бағдарламалары мен арнайы курстар бойынша оқыту туралы болды.

Бұл әрекеттер бәсекелестікті қорғау туралы заңнаманың талаптарын бұзды.

Мониторинг қорытындысы бойынша Департамент бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарды. Қазіргі уақытта барлық нұсқамалар орындалды, жарғылық қызмет түрлері қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз