Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг басталды

3

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне кезекті мониторингін жүргізіп жатыр.

Мониторингтің басты мақсаты – мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алуын, сондай-ақ монополияға қарсы органның келісімі алынған қызмет түрлерін ғана жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып табылады.

Аталған мониторинг мектепке дейінгі және қосымша білім беру салаларында қызмет атқаратын мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты, 2026 жылдың 1 қазан мен 1 желтоқсан аралығында Департамент басшысының бұйрығымен бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүргізіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз