Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тапсырмасын орындау үшін және 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен технологиялық байланысты жұмыстар мен қызметтер нарығына талдау (шолу) жүргізуді бастады.
Зерттеу кезеңі 2024–2025 жылдарды және 2026 жылдың 9 айын қамтиды.
Талдаудың негізгі мақсаты — электр, жылу, су және газбен жабдықтау салаларында реттеліп көрсетілетін қызметтермен технологиялық байланысты, оның ішінде қызметтердің өзге де түрлерін көрсететін және жұмыстарды орындайтын табиғи монополиялар субъектілерін анықтау.
Талдау шеңберінде аталған нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйіне баға беріліп, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің, оның ішінде монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың ықтимал фактілерінің болуы немесе болмауы тексеріледі.
Сондай-ақ талдау жүргізу бәсекелестікті дамыту үшін ықтимал кедергілерді анықтауға және монополияға қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.



























