Шомылу маусымы басталғаннан бері ТЖ департаментінің қызметкерлері ПД, ЖАО және еріктілермен бірлесіп 1571 адамның қатысуымен 967 патрульдеу (2024-1386) мен рейд жүргізді, оның барысында 9452 (2024-8849) ақпараттық жадынама таратылды. Әлеуметтік желілерде 93 (2024-75) жарияланым шығарылып, теледидарда 7 көрсетілім шықты (2024-5).
2025 жылы шомылу кезеңінде (1 маусымнан бастап) 7 бала құтқарылды (2024-3).
Шомылуға рұқсат етілмеген жерде адам өлімінің 2 фактісі тіркелді (2024-1), оның ішінде 1 бала (2024-0).
ТЖД қызметкерлерімен су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 412 бабы бойынша (су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау) әкімшілік жауапкершілікке 42 адам тартылды (2024-42), (Талдыкорган қ. — 4, Ақсу ауд. — 1, Алакөл ауд. — 6, Ескелді ауд. — 6, Қаратал ауд. — 3, Кербұлақ ауд. — 2, Көксу ауд. — 17, Панфилов ауд. – 2, Сарқан ауд. — 1), айыппұл сомасы 578 мың 004 тг. (2024-542 мың 724 тг.).
Анықтама үшін: ӘҚБтК-нің 412 бабына сәйкес су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін айыппұл сомасы 7 АЕК құрайды, бұл 27 мың 524 теңгеге тең. Қысқартылған тәртіппен 3,5 АЕК, бұл 13 мың 762 теңгеге тең.
Әкімшілік жауапкершілікке тартудың негізгі себептері келесі болып табылады:
- жабдықталмаған жерлерде шомылу — 29;
- құтқару кеудешесінсіз су көлігінде болу -7;
- балаларды су айдынында қараусыз қалдыру- 6.
Ағымдағы жылы облыс әкімдігінің жұмыс тобы құрамында шомылуға рұқсат етілген (5) және тыйым салынған (76) орындарды ұлғайту жөніндегі жұмыс аяқталды. Бүгінгі таңда екі жобаны да облыс әкімдігі (рұқсат етілген орындар бойынша) және мәслихаты (тыйым салынған орындар бойынша) бекітті.
Облыс су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жедел-құтқару жасағының байланысында 16 моторлы жүзу құралы бар (12 темір қайық, 4 катер, оның ішінде «Корвет-600 WA» және «KFboats KF 820»).
ТЖД ЖҚЖ құтқарушылары демалыс базалары мен балалар лагерлері орналасқан су айдындары учаскесінің түбін тексеру және тазалау жұмыстарын жүргізді. Барлығы 23 су айдыны тексерілді, (Ақши аул.: 3 – балалар лагері, 4 қоғамдық жағажай; Лепсі аул.: 15 демалыс аймақтары; Талдыкорған қ. – 1 қалалық жағажай).
Сарқан ауданы бойынша күн сайын кезекшілікке 3 құтқарушы түседі, Балқаш көлінің бүкіл жағалауын 2 құтқарушы патрульдейді, 5 моторлы қайық бар (1-катер, 4 — темір қайық).
Алакөл ауданы бойынша күн сайын кезекшілікке 2 құтқарушы түседі, Алакөл көлінің бүкіл жағалауын 8 құтқарушы патрульдейді, 8 моторлы қайық бар (3-катер, 5 — темір қайық).
Сондай-ақ, демалушы туристердің көбеюі үшін бұл бөлімше қосымша тағы 4 құтқарушымен жасақталды.
Анықтама үшін: Талдықорған қаласының коммуналдық жағажайында 2 құтқарушы патрульдеу ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының су айдындарындағы жүріс-тұрыс тәртібі Су айдындарында:
1) су айдындарының жабдықталмаған учаскелерінде және «Суға түсуге тыйым салынады» белгілері белгіленген жерлерде шомылуға;
2) «Мұз үстімен өтуге тыйым салынады» деген белгілер орнатылған жерлерде мұзға шығуға тыйым салынады;
3) жүзудің шекарасын белгілейтін қалқыбелгілерден кейін жүзуге;
4) шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жүзуге;
5) суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жағажайлардан, табиғи құралымдардан (жартастардан, құздан, қойтастардан, жақтаулардан, қоршаулардан және басқа да заттардан), сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге;
6) спортпен айналысуға, оның ішінде спорттық ойындар ойнауға, осы мақсаттарға бейімделмеген орындарда ойнауға;
7) жалған дабыл айқайларын беру;
8) су айдындарын ластауға және қоқыстауға, кір жууға, жанармай құюға, көлік құралдарын жууға және жөндеуге, жануарларды шомылдыруға бөлінген орындарда және оларға іргелес аумақтарда, оның ішінде жағажайлардан жоғары жерлерде 500 метрге дейін шомылуға;
9) шағын көлемді кемелерге (оның ішінде еспелі кемелерге ) кіруге және су астында жүзу үшін пайдаланылатын акваториялар жағажайлары мен учаскелерінде маневр жасауға (адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кемелерді қоспағанда);
10) өз бетінше су айдындарында қауіпсіздік белгілерін жоюға (алып тастауға), бүлдіруге немесе орнатуға;
11) суға кіруге және алкогольді және есірткіге мас күйде шомылуға;
12) тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;
13) жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
14) жағада және шешіну орындарында демалушыларға жарақат келтіруі мүмкін қоқыстарды қалдыруға;
15) су айдындарындағы қауіпсіздік белгілеріне, қалқыбелгілерге шығуға;
16) балаларға ересектерсіз суға кіруге жол берілмейді;
17) балаларды қараусыз қалдыруға;
17-1) кемеде (оның ішінде шағын көлемді), су көлігінде немесе тіркеп сүйретілетін жүзу құралында құтқару кеудешелерін кимеген және түймелеп алмаған адамдары бар кемені (оның ішінде шағын көлемді), су көлікті немесе тіркеп сүйретілетін жүзу құралын басқаруға, болуға;
18) су объектілеріндегі жаппай демалу орындарының жұмыс уақытынан тыс және (немесе) түнгі уақытта суға кіруіне жол берілмейді.
Жетісу облысы ТЖД АҚБ бастығының м.у.а.капитан Б.Т. Тыныбектің
«2025 жылғы шомылу маусымының өтуі туралы»
баяндамасы негізінде әзірленді





























