Қазақстандық мектептерде цифрлық білім беруде ToрIQ платформасының мүмкіндіктері

415

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы білім беру жүйесіне тың серпін беріп, оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін қалыптастыруда. Қазақстандық білім беру жүйесінде цифрландыру үрдісі басты бағыттардың біріне айналып отыр. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан бастамалардың бірі – ToрIQ платформасы. Бұл платформа мектеп оқушыларының білімін тиімді бағалауға, мониторинг жүргізуге және оқу жетістіктерін арттыруға мүмкіндік береді. ToрIQ – қазақстандық IT мамандар әзірлеген, мектеп оқушыларының білім деңгейін диагностикалауға арналған цифрлық платформа. Ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын, логикалық ойлауын, оқуға, жазуға және есептеуге қабілетін түрлі тапсырмалар арқылы бағалайды. Платформа тапсырмалары халықаралық зерттеулер форматтарына (мысалы, PISA, TIMSS) сәйкес құрылып, оқушылардың жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған.

ToрIQ платформасының негізгі мүмкіндіктері:

ToрIQ нақты пәндер мен дағдылар бойынша оқушының білімін талдап, оның оқу жетістіктерінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бағалау нәтижелері мұғалімдерге оқушылардың әлсіз және күшті тұстарын айқындап, жекелендірілген оқыту жолын ұсынуға көмектеседі.

Платформа оқушылардың жеке және сынып деңгейінде көрсеткен нәтижелерін интерактивті диаграммалар мен кестелер түрінде ұсынады. Бұл мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге деректер негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

TorIQ тапсырмалары өмірлік жағдаяттарға негізделген, оқушының нақты жағдайдағы әрекет ету қабілетін тексереді. Бұл – XXI ғасыр дағдыларына сай келетін оқу үлгісі. Платформа мұғалімдерге оқушылардың білімін жедел және әділ бағалауға көмектеседі, ал мектеп басшылығына білім сапасын басқаруда стратегиялық шешім қабылдауға негіз береді. Аталмыш  платформасы дәстүрлі бағалау әдістерінен цифрлық, автоматтандырылған жүйеге көшуді жеңілдетеді. Платформа қолдануға ыңғайлы, әртүрлі құрылғыларда (компьютер, планшет, смартфон) жұмыс істей алады. Бұл ауылдық және қалалық мектептер арасындағы цифрлық алшақтықты азайтуға септігін тигізеді.

ToрIQ платформасының білім беру жүйесіне  өзіндік әсері зор. Оқу сапасын арттыруда нақты деректерге сүйеніп оқыту, сапалы нәтижеге жетелейді. Мұғалімнің жұмысын жеңілдетуде автоматты тексеру, есеп беру үдерісін оңтайландырады. Оқушы белсенділігін арттыруда қызықты тапсырмалар мен геймификация элементтері оқушыны ынталандырады. Білімдегі теңсіздікті азайтуда барлық оқушыларға бірдей мүмкіндік береді, әсіресе ауылдық мектептер үшін тиімді.

ToрIQ – қазақстандық мектептерде цифрлық білім беруді дамытуда маңызды құрал. Ол мұғалім, оқушы және мектеп әкімшілігі арасындағы білім сапасын басқаруды заманауи талаптарға сай ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта ToрIQ платформасын кеңінен енгізу — сапалы, әділетті және қолжетімді білім берудің кепілі болмақ.

                                                                                               Серікбол Тілеубек,

                                                                      Жетісу облысы, Талдықорған қаласы

                                                                         «Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы

                                                                              № 18 орта мектеп-лицейі» КММ

                                                                                      информатика пәні мұғалімі

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз