Жаңа қонысқа ие болды

89

Талдықорған қаласындағы  халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын 23 шаңырақ жаңа қонысқа ие болды. Атап айтар болсақ, арасында көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, І және ІІ топтағы мүгедектер, зейнеткерлер бар. Қала әкімі Ернат Бәзіл қуаныш иелерін құттықтап, пәтер кілтін табыстады.

 «Жастар-3» шағын ауданынан  кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін 56 жаңа үй салынып, сатып алынды. Ақпан айының соңына дейін 33 үй қолданысқа берілмек. Ал, жыл соңына дейін жеке құрылыс салушылар есебінен тағы 150-ге жуық үй пайдалануға беріледі деп күтілуде.  Әр үйдің жалпы ауданы 76 шаршы метрді құрайды.  Айта кетейік, өткен жылы Талдықорғанда 1283 отбасы тұрғын үймен қамтылып, кезек 8,3%-ға төмендеді.  2023-2025 жылдары облыс орталығында 5 мыңға жуық кезекте тұрғандар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз