Талдықорғандық бастауыш сынып оқушысы 86 елдің туын жатқа біледі

782

Қаламыздағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру, дарынды балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында сабақтан тыс әдістемелік іс-шараларда ерекше дарынды балалар танылып жатады.

Оған мысал  осы  2023 жылдың 10-15сәуірінде  «Жаратылыстану сыры-ғылымда» тақырыбында өткізілген апталықта ұстаздар  мен оқушылар үшін тағы бір жаңа есімі танылды. Ол оқушы 2 сыныпта оқиды. Аты-жөні -Айару Ұланқызы.

« Кішкентай ғана Айару бүгінгі күні жер шарындағы 86 мемлекеттің туларын жатқа білетіндігімен біздерді таңқалдырды. Өте алғыр, зерек екендігі байқалды»,-дейді директордың орынбасары Биғайша Серікболқызы.

 Айрау  бұл  сайыста  монитордан көрсетілген  86 мемлекеттің туларын жаңылмастан тақылдап айтып берді. Залға  жиналған оқушылар Айаруға қызыға қарап тарқасты. Ал, мұғалімдері оған сәттілік тілеп, талабына  нұр жаусын! – деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз