Талдықорған қалалық мәслихаты: тұрақты комиссиялар отырысы өтті

519

Талдықорған қалалық мәслихатының VIII-шақырылымының тұрақты комиссиялар  отырысы Ардагерлер үйінде өтті. Бұл басқосуға жаңа құрамда сайланған  депутаттар, қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.

«Экономика, қаржы мәселелері және бюджет жөніндегі» тұрақты комиссияда  «2022 жылғы Талдықорған қаласы бюджетінің атқарылуы туралы» «Талдықорған қаласының қаржы бөлімі» ММ басшысы  М.Ибрагимованың  есебі тыңдалды.

Сондай-ақ, өткен жылғы Еркін мен Өтенай ауылдық округі  бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау мен бекіту туралы ауылдық әкімдердің есебі тыңдалды.

Тағы да күн тәртібіндегі қаралған мәселе-«Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және жол-көлік инфрақұрылым мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия» төрайымы Ж. Нұрлыбаева  сөз алды. Бұл комиссия жұмысында «Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің қаладағы тұрғын үй қоры жүйесін ретке келтіру бойынша тұрғын үй комиссиясының атқарған жұмысы туралы ақпараты тыңдалады,-деді.

Қала бойынша 1218 пәтердің 59-ы сот арқылы кері қайтарылып, кезекте тұрғандарға берілуде, 500-ден аса  адам тұрып жатқан баспа­наларын заңдастырыпты.Заңдастыру құжаттарының  заңды күшіне енуіне екі ай беріледі.  Қала әкімінң орынбасары Б.Абибеков,  қалада кондоминиум объектісін басқаруға байланысты жұмыстар қолға алынғанын айтып өтті. Енгізілген өзгерістер шеңберінде тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметкерлері халықпен жүйелі түрде кездесулер өткізеді, оның барысында кондоминиумды басқарудың жаңа нысандарының жұмыс механизміне енгізілген өзгерістерді түсіндіреді.  Заңда басқарудың тек екі түрі қарастырылған.
Біріншісі – мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) — заңды тұлға ретінде тіркелген, бір көппәтерлі тұрғын үйді күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым.
Екіншісі-жай серіктестіктер (ЖМ) — заңды тұлға құрмай-ақ мүлік иелері арасындағы кондоминиум объектісін басқару нысаны. Мұнда ортақ мүлікті басқару сенімді тұлға арқылы жүзеге асырылады.  Осы тұста халық қалаулылары да маңызды іске атсалысса деген  ұсыныс айтылды.

Ал, «Жастармен жұмыс, денсаулықты сақтау, білім, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт мәселері жөніндегі тұрақты комиссия»  төрайымы Г.Тұлымшақова бірнеше мәселе қаралатындығына тоқталды.

Тұрғындардың жұмыспен қамтылуы турасында  Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры  Ж.Медетбеков сөз алды. 2022 жылы  жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 2172 адам қамтылған.

Депутаттар тарапынан күміс жас бойынша  жасы зейнеткерлікке жетіп қалған азаматтардың жұмыспен қамтылуына қатысты сауалдар қойылды. «Күміс жас» жобасына 10 адамға 1,6 млн. теңге бөлінген.

Отырысты жүргізген мәслихат төрағасы Т.Ахажан қалалық бөлім басшыларына депутаттармен  бірлесе  жұмыс жасай беру керектігне тоқталды. Күн тәртібіндегі мәселелер  бойынша шешімдер қабылданды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз