20.6 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 5 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 548

Электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды алу

Энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясының көтерме және бөлшек нарықтағы тұтынушылар арасында туындайтын қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамамен реттеледi. 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген Электр энергиясын пайдалану қағидаларының (бұдан әрi — Қағидалар) 3-қосымшасына сәйкес, электр желiлерiне қосылу үшiн еркiн нысандағы өтiнiш пен...

Жетісу филармониясына халық әртісінің есімін беру ұсынылды

Талдықорған қаласында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Басқосуда алдымен қала әкімі Әсет Масабаев атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Осы орайда шаһар басшысы Жетісу облысының орталығындағы баспана, инженерлік инфрақұрылым, электр жүйелері, қаланы абаттандыру, жол жөндеу жұмыстары, жабайы сауда мен өзге де өзекті мәселелерге жеке-жеке тоқталып, көптің көкейінде жүрген бірқатар сауалдарға жауап берді. Әсет Дүйсебекұлының мәліметінше, көпшілікті толғандыратын өзекті мәселелердің бірі –...

Жауынгерлік атыс сабақтары өткізілді

Жетісу гарнизонындағы 18404 әскери бөлімінде жауынгерлік атыс сабақтары өткізілді. Қарулы күштердің жауынгерлік жоспарына сәйкес өткен жаттығуға екінші десанттық-шабуылдаушы батальонының жеке құрамы қатысты. Жаттығу барысында тактика, атыс даярлығы, әскери топография, байланыс құралдары және әскери медициналық даярлықтарынан нормативтер қабылданып, ұрыс жүргізу тәсілдері пысықталды.  – Сарбаздар үшін бұл жаттығу сабағы жоғары деңгейде өтті. Осы жаттығулардан біз мол тәжірибе жинап, одан әрі өзіміздің кәсібилігімізді арттыра...

«Табысты отбасы» жобасы: Кәсіп ашуға зор қолдау

Жетісу, Ұлытау, Абай, Ақтөбе және Түркістан – аталған бес пилоттық облыстағы «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасының қатысушылары сұранысқа ие кәсіптерін бастауға қажетті ноутбук, тігін машиналары, пеш, миксерлер, кушеткалар, мультимарок сканері секілді қажетті заттарға ие болды. Жоба түлектері әлеуметтік желідегі маркетинг, тігіншілік, электр механигі, сұлулық салоны маманы, аспаздық бойынша бір айлық кешенді оқытудың бес бейіндік бағытында білім алды. Жабдық жиынтықтарын салтанатты түрде табыстауға...

Мемлекеттік қызметке қабылдану тәртібі жеңілдемек

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай бұдан былай мемлекеттік қызметке қабылдану тәртібі жеңілдемек. Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет туралы заңға арнайы түзетулер енгізілген. Онда мемлекеттік қызметке кірудегі  артық кедергілерді жою және қызметтен шығу тәртібін жеңілдету туралы жаңа тәсілдер қамтылған. Бұл туралы  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев 2022 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында баяндады дейді агенттіктің баспасөз қызметі. Дархан Медеғалиұлының ...

Табысы аз отбасының балаларына қосымша 5 174 теңгеден берілетін болды

1 қаңтардан бастап қолданысқа енген атаулы әлеуметтік көмек  алатын отбасы балаларына көрсетілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау ата-аналарға балалардың жеке қажеттілігіне қарай керекті тауарларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. 2020 жылғы қаңтар айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына АӘК-қа қосымша әлеуметтік қолдау шарасы ретінде азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтығы түріндегі кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынылғаны белгілі. 2022...

Архившілер құрметтелді

Баршаға белгілі, елімізде  2020 жылдан бері Үкіметтің  арнайы қаулысымен мерекелік күндер күнтізбесіне сәйкес  22 желтоқсан- Архившілер күні  болып белгіленіп, аталып өтілуде.  Бұл күнді таңдап алу бекер емес. Өйткені, 1998 жылы дәл осы күні елімізде тұңғыш рет Ұлттық архив қоры жайлы Заң қабылданған болатын.  Апта басында Талдықорған қаласындағы  Салтанат сарайында Жетісу облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен архив саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ...

Талдықорғанда «Айтыстың Айтақыны» атты айтыс өтті

Жетісудың бас қаласы  Талдықорғанда «Айтыстың Айтақыны» атты халықаралық ақындар айтысы өтті. Сөз сайысына қазақ халқының танымал айтыскерлерімен бірге  көрші Қырғыз елінен келген дүлдүлдер де қатысты. Мерейтойлық шара  Жетісу облысы әкімінің қолдауымен қазақ ауыз әдебиетінің айшықты жанры айтыстың дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан күллі өнерсүйер қауымға «Хәй­ләйлім» әуенімен танымал, белгілі айтыс ақыны Айтақын Бұлғақовтың зейнеткерлік жасқа толуына орай ұйымдастырылған. Өңір...

«Табысты отбасы» әлеуметтік жобасының алғашқы түлектері сертификат иеленді

«Табысты отбасы» әлеуметтік  жобасының алғашқы қатысушыларына салтанатты түрде сертификаттар табысталды. Бұл жоба аясында республиканың бес облысы бойынша   бірінші лектің 114 қатысушысы оқуын сәтті аяқтап шықты. 28 желтоқсан күні  Жетісу облысының  24 тұрғыны «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы аясында оқуын аяқтағаны туралы салтанатты түрде сертификат алды. Олар  бір ай бойы қарқынды кешенді оқытудан өтті. «Табысты отбасы» жобасына қатысушыларды, «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының...