Жетісу гарнизонындағы 18404 әскери бөлімінде жауынгерлік атыс сабақтары өткізілді. Қарулы күштердің жауынгерлік жоспарына сәйкес өткен жаттығуға екінші десанттық-шабуылдаушы батальонының жеке құрамы қатысты.
Жаттығу барысында тактика, атыс даярлығы, әскери топография, байланыс құралдары және әскери медициналық даярлықтарынан нормативтер қабылданып, ұрыс жүргізу тәсілдері пысықталды.
– Сарбаздар үшін бұл жаттығу сабағы жоғары деңгейде өтті. Осы жаттығулардан біз мол тәжірибе жинап, одан әрі өзіміздің кәсібилігімізді арттыра береміз, – дейді қатысушы қатардағы жауынгер Рамазан Мұратов.
Бөлімшелер кез келген жағдайда табанды қорғаныс ұрысын жүргізу және жоғары қарқынмен шабуылдау тәсілдерін меңгеруі тиіс. Осы орайда қару-жарақ пен ұрыс машиналарынан атыс жүргізу арқылы жорық легін сақтау әдістерін үйренді. Сонымен қатар жеке құрам осы жаттығу сабақтарын өткізуге белсене қатысып өздерінің жоғары кәсібилік даярлықтарын көтерді.