23.7 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 7 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 546

Есірткі сатумен айлысқандарға қандай жаза қарастырылған?

Бүгінде есірткі және улы заттардың заңсыз айналымы кең тараған қылмыстардың бірі. Елімізде соңғы жылдары есірткі заттарының заңсыз айналымында бұрын кездеспеген синтетикалық жаңа түрі пайда болды. Ол   психотроптық және елесті әрекеттерге ие, орталық нерв жүйесіне зақым келтіретін адам денсаулығы үшін аса қауіпті болып саналады. Ал, есірткі заттарын сатудың жаңа тәсілі еш байланыссыз болады. Сатушы мен тұтынушы жеке жүзбе- жүз кездеспейді. Тек...

Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

ТАҒАЙЫНДАУ Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ернат Дүйсенбекұлы Бәзіл Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ернат Дүйсенбекұлы Бәзіл 1978 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын құрлысшы инженер, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін қаржы мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Алматы қаласында «Базис-А корпорациясы» ЖШС-ның учаске шебері болып бастап, осы серіктестікте прораб, учаске бастығы болған. Бірнеше жыл Астана және Алматы қалаларындағы жеке құрылыс компанияларында...

«Қорғас» ХШЫО жақын арада жұмысын қайта бастайды», – Ә. Смайылов

Талдықорғанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Жетісу облысының одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев, сондай-ақ ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов іске асырылып жатқан шаралар мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндама...

Әлихан Смайылов: Жетісу облысының құрылыс саласындағы жоғары динамиканы сақтау қажет

Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірдің бірқатар инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарының жұмысымен танысты. Үкімет басшысы қаладағы 1981 жылдан бері жұмыс істеп тұрған «Басқуат» қазандығына барды. Қуаты шамамен 200 Гкал/сағ. болатын қазандық бүгінде 500-ден астам көп пәтерлі және 1 000 жеке тұрғын үйді, 20 мектепті, 25 балабақшаны, 10 аурухананы және 90 әкімшілік ғимаратты жылумен қамтамасыз етіп...

Әлихан Смайылов жүк тасымалының өсуі аясында Қазақстанның транзиттік әлеуеті туралы айтты

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Жетісу облысына жұмыс сапары аясында өңірдің көлік-логистикалық және агроөнеркәсіптік әлеуетін дамыту барысымен танысты. Талдықорған әуежайында Үкімет басшысына Талдықорған – Қалбатау – Өскемен, Үшарал – Достық, Сарыөзек – Көктал, Лепсі – Балқаш автожолдарын және Үшарал қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту, сондай-ақ облыстың Алакөл ауданында транзиттік инфрақұрылымды дамыту туралы баяндама ұсынылды. Әлихан Смайылов қабылданып жатқан шаралар мен қалыптасып...

Өз ісін ашуға мүмкіндік беретін құрал-жабдықтар алды

«Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері қатысуымен «Табысты отбасы» жобасының Жетісу өңіріндегі екінші лек түлектеріне  құрал-жабдық табысталды. Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығында өткен жиында жоба қатысушылар бұл өз армандарының орындалып қана қоймай, өмірді жақсы жаққа өзгертудің жаңа бір белесі деп атап өтті. Жобаның  2 ағымына  Жетісу облысының 36 тұрғыны қатысып,  өз істерін бастау үшін қажетті құрал-жабдықтар түріндегі грантқа ие болды.  Салтанатты жиында ...

«Жайлы мектеп»: Талдықорғанда 4 білім ошағы салынбақ

Бүгінгі таңда мектеп ғимараты, үшауысымды  оқыту  мәселелері күн тәртібінен түспей келеді. Енді елімізде  бастау алып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық бағдарламасы дәл осы мәселенің түйінін шешуге өз септігін тигізер. «Жайлы  мектеп»  ұлттық жобасы  туралы  алдымен Мемлекет  басшысының Жолдауында  айтылған болатын.  «…Жайлы  мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз  2025 жылға дейін  800 мың баланың  заманауи  мектепте  оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты  жағдайдағы...

Кәсіп түбі – нәсіп

Кез келген өнер иесі атану ұзақ уақыт ізденіс пен тер төгуді қажет етеді. Өмірде өз кәсібін  сүйе білген адам ғана аңсаған арманы мен алға қойған мақсатына жететіні сөзсіз. Талдықорған қаласына қарасты Өтенай ауылының тұрғыны Өміртай Партияханұлы он саусағынан өнер тамған жандардың бірі. Бүгінде ол сол шеберлігінің арқасында үй жиһаздарының түр-түрін жасап, отбасын асырап, өз кәсібін ойдағыдай дөңгелетіп келеді. Жастайынан қолы...

Ақын жырлары жастар жүрегінде

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім, Жыр жазсам, жұртым оған елеңдестің. Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! – деп ақынның өзі жырлағандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Оған дәлел, жыл сайын ақпанда өтетін Мұқағали кештері екені анық. Таяуда «поэзия» атты тұңғиық теңізде еркін жүзген, жауһар жырларын қазақ жастары жанына жақын балаған, мәңгілік жырдың марғасқасы Мұқағали...

Талдықорғанда атқарылар жұмыс әлі де жетерлік

Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев Еркін ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Е.Берліқожаұлы атындағы орта мектептің акт залында өткен  кездесуге қала әкімі және жергілікті әкім Қанат Рыспеков және  ауыл тұрғындары қатысты. Кездесу  барысында биылғы жылы «Көктал» тұрғын үй алабында және «Еркін» ауылында атқарылатын жұмыстардың ауқымдығын айтып, округ бойынша 34 көшенің жөндеу жұмыстары өтетіндігін, 1200 балаға арналған жайлы мектеп салынатындығы,  Мәдениет үйі...