РАМАЗАН – РУХАНИ ТАЗАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ АЙЫ
Жетісу облысының әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
Рамазан айының
басталуымен құттықтауы
Құрметті жерлестер!
Қасиетті Рамазан айының басталуына орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Барша мұсылмандар үшін ерекше қадірлі бұл ай шынайы құндылықтарды паш етіп, игі істер мен қайырымдылық жасауға, төзімділік пен қамқорлыққа үндейді.
Рамазан рухани тазару мен жаңғыруға бастап, ел бірлігін нығайтуға, өзара түсіністік пен сыйластықты арттыруға ықпал етеді. Бұдан былай да халқымыздың ырысы еселеніп,...
Астанада жаңа Конституция жобасы бойынша сараптамалық талқылау өтті
Бүгін Заңнама және құқықтық ақпарат институтында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Башимовтың қатысуымен сараптамалық кездесу өтті.
Сараптамалық диалогтың өзегінде «Адам құқықтарын қорғау саласындағы конституциялық жаңашылдықтар: жаңа тетіктер мен кепілдіктер» тақырыбы болды. Талқылауға Институт басшылығы, жетекші ғылыми қызметкерлер, сондай-ақ беделді құқықтанушылар мен конституциялық құқық саласының мамандары қатысты.
Кездесу жаңа Конституция жобасын талдауға...
Совет матерей Жетісу поддерживает инициативы по укреплению семьи в новой Конституции
Новые нормы закрепляют приоритет брака, защиту детства и межпоколенческую ответственность, способствуя формированию устойчивого общества.
В проекте новой Конституции Республики Казахстан особое внимание уделено вопросам брака и семьи. Предлагаемые формулировки выходят за рамки сугубо юридической нормы и отражают стратегический выбор государства — укрепление традиционных ценностей, социальной ответственности и устойчивости общества, передает корреспондент Vestnik19.kz
На заседании Национального курултая Президент Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что...
Талдықорған қаласының аумақтық референдум комиссияларының құрамдары, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 3-тармағына сәйкес және «2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 1170 Жарлығымен «2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының 2026 жылғы 12 ақпандағы №6/10 қаулысы негізінде Талдықорған...
Жетісуда жыл соңына дейін кітапхананы қоса алғанда 9 мәдениет нысаны қолданысқа беріледі
Мемлекет басшысының Атырауда өткен III Ұлттық құрылтайда берген кітапхана саласын дамыту туралы тапсырмасына орай Жетісу облысында заманауи кітапхана құрылысы аяқталуға жақын. Жалпы, өңірде жыл соңына дейін 9 мәдениет нысаны салынып бітіп, іске қосылады деп жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жетісу облысы құрылғаннан бері салынып жатқан алғашқы кітапхана Кербұлақ ауданында бой көтеруде.
Облыстық мәдениет, архивтер және...
Өңірлерінде су тасқыны кезеңіне дайындық аясында кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде
Жетісу облысында су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындық жүргізілуде.
Инженерлік және профилактикалық іс-шаралар кешені өткен жылдың көктем-жаз айларында өңірді дамыту және елді мекендерді су басу қаупін азайту жоспары аясында басталды.
Жалпы 24 су тасқынына қарсы іс-шара жүзеге асырылды.
Атап айтқанда су тасқыны қаупі бар учаскелерде 14 км су ағызу каналдары жасалды және тазартылды, 3 км қорғаныш бөгеттері жөнделді, 11 км өзен арналары...
«ДАУЫС» қоғамдық бақылаушылар коалициясының МӘЛІМДЕМЕСІ
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша өткізілетін жалпыхалықтық референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысатынын ресми түрде мәлімдейді.
Конституция – мемлекеттік биліктің құрылымын айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін белгілейтін және ел дамуының негізгі қағидаттарын бекітетін аса маңызды құжат. Сондықтан мұндай тарихи шешімдер дауыс беру үдерісінің толық ашықтығы, заңдылығы және әділдігі жағдайында қабылдануы тиіс.
Біздің басты мақсатымыз –...
Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі
Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен министрліктің кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Жиынға вице-министрлер, комитет төрағалары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың жетекшілері және салалық құрылымдардың өкілдері қатысты. Отырыс барысында министрліктің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары сараланып, алдағы кезеңге арналған стратегиялық басымдықтар айқындалды.
Алқа отырысын ашқан Аида Балаева Негізгі заңға енгізілген ауқымды өзгерістерге ерекше тоқталды. Ол ұлттық мәдениетті қолдау мен...
Конституциялық реформаның тарихи мәніне талдау жасалды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Конституциялық реформа: Ұлы дала мемлекеттілігінің жаңа белесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Университеттің жетекші тарихшылары, құқықтанушылары мен ғалымдары елдегі ауқымды саяси өзгерістерді тарихи мұра мен ұлттық бірегейлік тұрғысынан талқылады.
Шараны ашқан тарих факультетінің деканы Досбол Байғонақов қазіргі реформалардың еліміздің болашағы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол Мемлекет басшысыныңбастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалардың адамға бағытталған...
«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында жастармен кездесу өтті
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Taza Time: тазалық – ортақ міндет» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Аталған іс-шара жастардың экологиялық сауатын арттыру, тазалықты тұрақты әдетке және өмірлік ұстанымына айналдыру мақсатында ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сарқан ауданында өткен кездесу барысында «Sarqan jastary» филиалының жетекшісі Бауыржан Жантасов экологиялық сананы қалыптастырудың нақты тетіктеріне тоқталды:
- Алдағы уақытта «Taza Time»...




























