РАМАЗАН – РУХАНИ ТАЗАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ АЙЫ

Жетісу облысының әкімі

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың

Рамазан айының

басталуымен құттықтауы

 

Құрметті жерлестер!

 Қасиетті Рамазан айының басталуына орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Барша мұсылмандар үшін ерекше қадірлі бұл ай шынайы құндылықтарды паш етіп, игі істер мен қайырымдылық жасауға, төзімділік пен қамқорлыққа үндейді.

Рамазан рухани тазару мен жаңғыруға бастап, ел бірлігін нығайтуға, өзара түсіністік пен сыйластықты арттыруға ықпал етеді. Бұдан былай да халқымыздың ырысы еселеніп, берекесі арта берсін!

Сіздерге мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! 

Ораза қабыл болсын!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз