Өңірлерінде су тасқыны кезеңіне дайындық аясында кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде

Жетісу облысында су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындық жүргізілуде.

Инженерлік және профилактикалық іс-шаралар кешені өткен жылдың көктем-жаз айларында өңірді дамыту және елді мекендерді су басу қаупін азайту жоспары аясында басталды.

Жалпы 24 су тасқынына қарсы іс-шара жүзеге асырылды.

Атап айтқанда су тасқыны қаупі бар учаскелерде 14 км су ағызу каналдары жасалды және тазартылды, 3 км қорғаныш бөгеттері жөнделді, 11 км өзен арналары мен каналдары механикалық түрде тазартылды. Сонымен қатар 13 км өзен арналарының жағалауларын тереңдету және нығайту жұмыстары жүргізілді. Инженерлік шаралар кешенін жүзеге асыру облыс аумағындағы 17 елді мекеннің су басу тәуекелін елеулі түрде азайтуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты

Қазақстанның өңірлерінде су тасқыны кезеңіне дайындық аясында кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз