Жастар жиі жіберетін 5 қаржылық қателік
Балалық шақтың бейқам әлемінен ересек өмірге көшу жастар үшін әрдайым ауыртпалықсыз бола бермейді, әсіресе қаржыжағынан. Жастарға тән максимализм, барлығына бірден қол жеткізуге деген ұмтылыс көбінесе бірдей қаржылық қателіктерге әкеледі.Оларды Fingramota.kz-мен бірге қарастырып көрейік.
№ 1 қателік. Бюджетті тиімсіз жоспарлау
Ұрпақ неғұрлым жас болса, соғұрлым олар ақшаны үнемдеу немесе кейінге қалдыру туралы аз ойлайды. Жастар шәкіртақыны немесе жалақысын бірнеше күнде жұмсап...
2023 жылғы 15 мамырдан бастап Қазақстанда қарыздар мен микрокредиттер бойынша ЖТСМ ресімдеудің жаңа қағидалары қолданылады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктер мен микроқаржы ұйымдарын кредиттік шарттарда және өздерінің кредиттік өнімдерін жарнамалау кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) номиналды сыйақы мөлшерлемесімен бірдей ресімдеп көрсетуге міндеттеді.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту және қарыз алушыларға банктік қарыздар мен салымдар, сондай-ақ микрокредиттер бойынша толық құны туралы ақпаратты дұрыс беру үшін ағымдағы жылғы 20 ақпанда реттеуші екі қаулы...
Алаяқтардың гаджеттеріңізге қол жеткізуіне жол бермеңіздер!
Гаджеттерге алаяқтық шабуылдар күн сайын жасалып тұрады. Алаяқтар пайдаланушылардың есептік деректерін және телефондардан басқа да жеке ақпаратты ұрлауға маманданған зиянды трояндарды белсенді түрде таратқан.
Өзіңізді және телефоныңызда сақталған құпия ақпаратты қалай қорғауға болатынын Fingramota.kz айтып береді.
Алаяқтар қандай деректерді алғысы келеді
Сіздің картаңыздың немесе шотыңыздың нөмірін және сіздің атыңызды, тегіңізді, ЖСН білу, алаяқтардың шоттан ақша алуына жеткіліксіз. Бұл үшін оларға картаның толық...
Талдықорғанда әлеуметтік дүкендер ашылды
Талдықорғанда әлеуметтік дүкендер қатары толықты. Өткен жұма күні ел игілігі орай қаладан шалғай орналасқан Еркін ауылдық окургі аймағында әлеуметтік дүкендер ашылды.
Соның бірі - Көктал шағын ауданындағы "Ару" дүкені ғимаратынан орын тепті. Ал, екіншісі, Еркін ауылындағы Бесшатыр көшесі,75 үй мекенжайы бойынша пилоттық негізде ашылып отыр.
Айтар болсақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары төменгі үстеме бағамен бағамен сатылады.Әлеуметтік дүкендердің таныстырылымына Жетісу облысы...
60 пәтерлі үйдің кілті талдықорғандықтарға табысталды
Қасиетті Ораза айының бүгінгі жұмасында Талдықорған қаласының жаңа шағын ауданында салынып біткен үйде қоныстой тойланды.
Кәсіпкерлік негізде меценаттардың тапсырысымен салынған 5 көпқабатты үйді «АСК Ауылқұрылысы» ЖШС өткен жылы қолға алған болатын. Бұл күні көпбалалы аналар, мүгедек жандар, отбасында жарымжан бала асырап отырған әлеуметтік осал топтың мүшелері қуанышқа кенелді.
Салтанатты жиынға қайырымды істің бастамашысы Қанат Бозымбаев, демеуші кәсіпкер Данияр Абулғазин, «Қарекет» қорының...
Атамның аманаты
«АТАМНЫҢ АМАНАТЫ»қоғамдық бірлестігі екінші дүниежүзілік соғысында хабар-ошарсыз кеткен Аталарымызды іздестіріп, жерленген жерлерін белгілеу үшін тізімдерін қалыптастырады.
Өтініш беру үшін бізге келесі мәліметтер керек.
(барлық сұрақтарға жауап берулеріңізді өтінеміз)
Атаныздың аты-жөні.
Туған жылы (шамамен).
Қайдан шақырылған (ауыл, село, аудан, облыс).
Әйелінің, ата-анасының, аға-інілерің, апа-қарындастарының аты-жөнін білсеңіздер, жазыңыз. Әрбір аты маңызды, сонда іздестіру оңай (көптеген қазақ, түркі тегі, аттары дұрыс жазылмаған, бұрмаланған).
...
Әлеуметтік қолдау
2020 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша Талдықорған қаласында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған «Жанұя» әлеуметтік орталығы ашылып, жұмысын жалғастыруда. Осы уақыт аралығында аталмыш орталықта тұрғындарға құқықтық, психологиялық кеңестер мен мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек жайында мәлімет беріліп, түрлі семинар-тренингтер өткізілді.
Сондай-ақ, олардың табысын, білім деңгейін арттыруға бағытталған әлеуметтік көмек түрлері ұсынылуда. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен тығыз жұмыс жасалып, оларға...
Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Айдар Карбозұлы Башбаев Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Айдар Карбозұлы Башбаев
1972 жылы туған, білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетін тарих, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Ақтөбе облысындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейін Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық...
Талдықорған қалалық қоғамдық кеңесінде маңызды мәселелер қаралды
Талдықорған қалалық қоғамдық кеңестің кезекті 4-ші отырысы Тіл сарайында өтті. Қоғамдық кеңестің төрағасы Жексенбай Мейрембаев жиынды ашып, күн тәртібінде қаралатын 4 бірдей маңызды мәселелерге тоқталды. Бірінші мәселе - «Қатты тұрмыстық қалдықтар тарифін бекіту» жобасы бойынша Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев баяндама жасады.
«Қазіргі таңда қала бойынша 15392 қоқыс жәшіктері орнатылған. Оның сыртында саябақтар, саяжайлар, Көктал, Шығыс шағын ауданы, 3-бөлімше және...
Өрт-тілсіз жау
Өрт- аса қатерлі жау. Қазіргі таңда айтып келмейтін апаттардан сақ болу күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі болып тұр. Күн жылынып, ысыған кезде сақтық шараларына назар аудару қажет. Аптап ыстық пен қуаңшылық кезеңінде ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңызы өте зор.
Өрттердің көбі орман қорына көршілес орналасқан шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы ұйымдарына тиесілі шабындықтарда өсімдік қалдықтарын жағу салдарынан болады. Сондай-ақ,...





























