Әлеуметтік қолдау

492

2020 жылы  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша Талдықорған қаласында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған  «Жанұя» әлеуметтік орталығы ашылып,   жұмысын жалғастыруда. Осы уақыт аралығында аталмыш орталықта тұрғындарға құқықтық, психологиялық кеңестер мен мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек жайында   мәлімет беріліп, түрлі семинар-тренингтер өткізілді.

 Сондай-ақ, олардың табысын, білім деңгейін  арттыруға бағытталған  әлеуметтік көмек түрлері ұсынылуда. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен тығыз жұмыс жасалып, оларға денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, білім беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті бастау бойынша жүйелі кеңестер мен көмек көрсетіліп келеді. Орталықтың қызметі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың өмір сүру сапасын арттыруға, экономикалық дербестікті және азаматтардың өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жеке уәждемесін нығайтуға, қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Орталықтың  ұстанымы жеке қажеттіліктерді ескере отырып, әр отбасын әлеуметтік қолдау, озық тәсілдер мен тәжірибелерге бағдарлану, жүйелілік, ашықтық, құпиялылықты сақтау, азаматтық қатынас. Орталық негізгі 14 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді:

  • Психологиялық қолдау көрсету, сондай-ақ, психикалық сөйлеудің кешігу дертіне шалдыққан балаларға психологиялық коррекциялық-түзету жұмыстары;
  • Құқықтық жәрдем беру;
  • Үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс;
  • Медиаторлармен бірлескен жұмыс;
  • Өз кәсібін ашуға ықпал ету;
  • Өтініштер бойынша әлеуметтік сүйемелдеу;
  • Үй жағдайында жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу;
  • Денсаулық сақтау және еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон мәселелері бойынша;
  • Тұрғын үй мәселелері бойынша көмек;
  • Мұқтаж аналарға арналған курстар оқыту;
  • Мүгедек балаларға тегін массаж жасау;
  • Массаж курсы;
  • Компьютер курсы;
  • Аз қамтылған отбасылармен тікелей жұмыс атқару. Сонымен қатар мектеп жасындағы балаларға 2 – 11 сынып аралығында ағылшын тілі курсы және 1 – 4 сынып аралығында математика мен қазақ тілі пәні бойынша қосымша сабақтар жүргізіледі. «Жанұя» орталығының қызметін алу үшін Талдықорған қаласы Желтоқсан к-сі 222 (Жұмыспен қамту орталығы 2 – қабат), немесе 8 -7282-25 – 10 – 29  телефон номері арқылы хабарласа аласыздар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз