60 пәтерлі үйдің кілті талдықорғандықтарға табысталды

1246

Қасиетті Ораза айының  бүгінгі жұмасында Талдықорған қаласының жаңа шағын ауданында салынып біткен үйде қоныстой тойланды.

Кәсіпкерлік негізде меценаттардың тапсырысымен салынған 5 көпқабатты үйді «АСК Ауылқұрылысы» ЖШС өткен жылы қолға алған болатын. Бұл күні  көпбалалы аналар, мүгедек жандар, отбасында жарымжан бала асырап отырған әлеуметтік осал топтың мүшелері қуанышқа кенелді.

Салтанатты жиынға қайырымды  істің бастамашысы Қанат Бозымбаев,  демеуші кәсіпкер Данияр Абулғазин,  «Қарекет» қорының Жетісу облысы бойынша өкілдері, қала әкімдігі мамандары мен қала әкімі Ә.Масабаев қатысты.

Қанат Бозымбаев:- Мен осы жерде басшылық қызметте болғанымда, тұрғындардың басты мәселесі осы пәтер алу еді. Қала бойынша 15 мыңнан аса адам үй кезегінде тұрған болатын. Жағдайы қиын азаматтарға көмектесуіміз керек деген оймен кәсіпкер азаматтардың осы іске атсалысуын сұраған болатынмын.  Болашықта мұндай жұмыс жалғасын табады деген ойдамын.  Міне, бүгін меценаттар демеушілігімен   60  жанұяға тегін  пәтер кілттері  табысталатын болады.  Қоныстойларыңыз құтты болсын!

Данияр Абулғазин:- Жергілікті облыс және қала әкімідігіне, құрылыспен айналысқан компанияға айтар алғысым шексіз. Пәтер алушылардың тізімін жасауға «Қарекет» қоры атсалысты. Әр пәтерге асүй жиһаздары мен тоңазытқыш  сый ретінде қойылды.

Қоныстой иелеріне салтанатты түрде пәтер кілттері табысталды. Сондай қуаныш иесі   – көпбалалы ана  Ақмарал Донбаева:

Мен осы Талдықорған қаласының тұрғынымын. Жолдасым екеуміз 8 қыз бен 2 ұлдың ата-анасымыз.  Үй кезегінде тұрғаныма көп уақыт болды. Үлкен қызым Нұрай студент,  Шәкәрім атындағы Семей университетінде оқиды. Ең кішкентайымыз 6 айлық. 5 балам мектепте оқыса, 3-еуі балабақшада. Қаланың бір шетінде тұрғандықтан, балалар үйірмелерге бара алмай жүр еді. Енді қалаған үйірмелерге барамыз деп балалар қуанып жүр. 3-бөлмелі  пәтердің сертификатына ие болдық. Өте қуаныштымыз. Осы үйді салып берген демеушілерге үлкен алғысымды айтамын.

 

Есболған Садақбаев:- Мен 2007 жылдан пәтер кезегінде тұрмын. Жолдасым және 2 баламен жалдмалы пәтерге көшіп қиналған едік. 2- бөлмелі пәтердің кілтін алып қуандық. Мүгедек жандарға арналған арнайы баспалдақ жасалып қойыпты. Өзім қалада көп жыл  «Ерлік» қоғамында жұмыс жасадым. Бүгінде халыққа қызмет көрсету орталығында қызметтемін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз